Облыста 100 мыңнан астам тұрғын екпе алды

ken-zhyloi.kz

Өңірде халықты covid-19ға қарсы жаппай вакцинациялау жалғасуда деп хабарлайды облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

6 шілде бойынша, «Спутник V», «QAZVAC» және «Hayat-Vax» вакциналарының I компонентін 2640 жергілікті тұрғын алды.

Екпе алғандардың қатарында: 75 дәрігер, 185 педагог, 77 студент, 8 жабық мекеме, 3 құқық қорғау органдарының қызметкері, 35 мемлекеттік қызметші, 178 созылмалы ауруы бар науқастар, 2078 жергілікті тұрғын.

2021 жылғы 1 ақпан мен 6 шілде аралығындағы кезеңде барлығы 100 919 адам «Спутник V», «QAZVAC» және «Hayat-Vax» вакциналарының I компонентімен егілді. Вакциналардың II компонентін 54 495 жергілікті тұрғын алды.

Естеріңізге сала кетейік, өңірде халықты вакцинациялау бойынша колл-орталық жұмыс істейді. Емханалардағы вакциналар туралы ақпаратты мына нөмір бойынша алуға болады: 98-02-92

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521