Облыс прокуроры Бауыржан Жұмақанов Жылыойға келді

Су тасқынынан зардап шеккен әр азаматымыздың құқығының қалпына келтірілуі туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз бақылауына қойғанын атап, ерекше күш жігер берді.

Облыс Прокуроры өзінің, Құлсарылықтарға шын ықыласымен жылы ниетін білдіріп, жанашырлығын танытып арнайы келгенін жеткізді.
Штаб отырысында, тұрғындардың құқықтарының бұзылуына жол бергізбеуді, оларға келтірілген зиянды, қалпына келтіруге бағытталған жұмысты мінсіз қамтамасыз етуді ескертті.
ҚР Бас Прокуроры Берік Ноғайұлы Асыловтың Атырау өңірінің азаматтарының мұң мұқтажына, уайымына ерекше алаңдайтынына назар аударып, олардың құқығын қорғауға бағытталған жұмысты жеке қадағалауға алғанын жариялады. 
Б. Жұмақанов «Осындай тосыннан келген табиғаттың күшіне ақылмен, шыдамдылықпен төтеп беріп, ал қоғамда бір бірімізге арқа сүйеп, бауырмашылығымызды ерекше танытып, бүлік, араңдатушылыққа, дүрбелеңге мүлдем жол бергізбей, мейірімділігімізді жауаптылықпен көрсетуіміз жөн - ол борышымыз. Уақытша орын алған ерекше жағдайда, Ата Заңымыз Конституциядағы - Мемлекетіміздің ең қымбат құндылығы - адам, оның денсаулығы мен өмірі екенін ескеріп, бірігіп жасап жатырған жұмысымызды, азаматтарымыздың денсаулығына зиян келтірілуіне мүлдем жол бергізбей жүзеге асыру басты міндетіміз» - деп атап өтті.

Әрбір тұрғын құқықтық сипаттағы барлық мәселелер бойынша прокурорға үнемі жүгіне алатыны түсіндірілді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521