Облыс әкімі «Cпутник-V» вакцинасының екінші компонентін салдырды

«Бүгін аймақ басшысы Махамбет Досмұхамедов қаламыздағы «Геолог емханасына» барды. Онда Қарағанды фармацевтика зауытында шығарылған коронавирусқа қарсы "Спутник-V" вакцинасының екінші компонентін салдырды,-деп фейзбук әлеуметтік желісінде жазды облыс әкімінің баспасөз хатшысы Ержан Төлек.

Вакцина алғаннан кейін  облыс әкімі жарты сағат арнайы бөлмеде мамандар бақылауында болып, кейін бірден жұмысына оралған.

«Жағдайы жақсы, екпенің ешқандай жанама әсерлері байқалмады»,-делінген жазбада.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521