banner_damu

Облыс әкімі Ақтоғай ауылында болған қайғылы жағдайға байланысты қаза болғандардың туысқандарына көңіл айтты

Марқұмдардың жақындарына қажетті материалдық және психологиялық көмек көрсетілуде.

2021 жылдың 4 наурызында Махамбет ауданына қарасты Ақтоғай ауылында қайғылы жағдай орын алды. Бір үйден қаза болған екі ер адам, бір әйел адам мен кәмелеттік жасқа толмаған қыз баланың денесі табылды.

Оқиға орнына шұғыл жеткен әкімдік пен төтенше жағдай сондай-ақ полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтауда. Сала мамандары көмірқышқыл газынан уланған деп болжап отыр.   

Қазіргі таңда қала және аудандар мен барлық ауылдық елді мекен әкімдеріне Төтенше жағдай департаментімен бірлесе отырып қауіпсіздік шараларын сақтауға қатысты ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту тапсырылды.

Сонымен қатар, облыс әкімі тұрғындарды қауіпсіздік мәселесіне ерекше назар аударуын сұрайды.

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Сұрақ Жауап

Ауданда covid-19 жұқтырғандардың көбею себебі неде деп ойлайсыз?

logo1

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

 

Яндекс.Метрика