Облыс бойынша ең көп коронавирус жұқтырғандар Жылыой ауданында

Оның ішінде 2 063 жағдай Теңіз қалашығынан анықталды.

Атырауда соңғы жеті күнде коронавирус жұқтырғандар шамамен 6 пайызды құрады Атырау облысы аумағында 27 наурыз бен 7 шілде аралығында симптомсыздарды қоса есептегенде COVID-19 расталған 6 156 жағдай тіркелген, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

Нақтырақ айтқанда, ең көп коронавирус жұқтырғандар Жылыой ауданында. Мұнда қауіпті індетке шалдыққан 2 822 адам бар. Оның ішінде 2 063 жағдай Теңіз қалашығынан анықталды. Бұл туралы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің қатысуымен өткен онлайн брифингте белгілі болды.

- Коронавирус жұқтырғандардың көбі 20 мен 60 жас аралығындағы азаматтар. Олардың ішінде 3 373 жағдай скрининг кезінде анықталды. Ал, 1 902 науқас дертке шалдыққандармен қарым-қатынаста болғандар. Қалғандарынан КВИ өз бетімен медициналық көмекке жүгіну кезінде белгілі болып отыр. Қазіргі уақытта аудандық және ауылдық жерлерде той-томалақ пен жаназаға жиналғандар да вирустың таралуына әсерін тигізді, - дейді облыс әкімі.

Айта кетейік, бүгінгі күні облыста коронавирус жұқтырған барлығы 6 156 науқас тіркелген. Ал, 1 476 адам аталмыш дерттен жазылып шықты.

Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521