Облыс басшысы - ауданымызда

Көктемгі су тасқыны деңгейінің көтерілуіне және Қарағай елді мекенін су басу қаупіне байланысты ауданымызда төтенше жағдай жарияланғаны белгілі.

Осыған орай, өткен түнде Құлсары қаласына облыс әкімі Серік Шәпкенов келді. Ол аудандық жедел штаб басшыларымен шұғыл кездесу өткізіп, жағдайды талқыға салды. Кейін Серік Жамбылұлы Құлсары қаласы мен елді мекендердегі су басу қаупі өте жоғары жерлерде болып, ондағы тасқынға тосқауыл қойып тұрған тұрғын халықпен кездесіп, жергілікті жағдаймен жете танысты.

Төтенше жағдайға байланысты аудан орталығындағы екі мектепте сабақ қашықтықтан оқыту тәсіліне көшірілді.
Олар: Құлсары қаласындағы Құрсай өзегіне жақын орналасқан 5-учаскедегі №7 Е.Халықов атындағы және «Достық» ықшамауданындағы №19 мектептер.

Көктемгі су тасқынымен күрес жалғасуда.

Өз тілшімізден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521