Қоқыстан қажетті бұйым жасаймыз

Ауданда қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеу зауыты ашылды.

Қазір әлемдегі ең басты проблема, бұл – экологиялық проблема. Адамзаттың шаруашылық іс-әрекетінің күрт дамуы салдарынан қоршаған ортаға орасан зор зиян келуде. Экологиялық дағдарыстың шын мәнінде кең етек алып бара жатырғанын іс жүзінде кез келген аймақтан көруге болады.

kaytaondeu

Бұл аталған проблеманың бір ұшы біз тұратын өңірге де тиіп отыр. Күнделікті өмірде қолданатын тұрмыстық қалдықтардың тиісті орнына жеткізілмей, оңды-солды шашылып жатырғанының салдарынан ауа да ластанып, су да бүлініп жатыр. Бұған кінәлі болып табылатын бірден-бір басты фактор – адам. Үкімет тапсырмасына орай шағын және орта кәсіпті одан әрі дамытып, өркендетуге байланысты қатты тұрмыстық қалдықтарды әртүрлі мақсаттарда пайдаланып, оларды өңдеу, сұрыптау және өндіріс қажеттілігіне жұмсау талаптары қойылған болатын. Осыған сәйкес ауданда «Жылыой-тазалық» ЖШС мекемесі жанынан қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеу зауыты ашылып, іске қосылды.

kaytaondeu1

«Жылыой-тазалық» ЖШС ҚР-ның заңнамаларымен тыйым салынбаған кез келген қызмет түрлерін жүзеге асыра алады, соның ішінде аудан және қала бойынша санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізу, қатты тұрмыстық қалдықтарды жою жұмыстарымен айналысады. Мәселен, аудандағы тұрғын үйлерден күніне 120 тоннаға жуық қатты тұрмыстық қалдық шығарылса, аталған мекеменің басты міндеті шығарылған қалдықтарды арнайы қоқыс алаңдарына апарып, орналастыру болып табылады.

kaytaondeu3

Жаңа зауыттың құрылысы 2018 жылдың қаңтар айында басталып, 2019 жылдың қараша айында аяқталып, қазіргі таңда өз қызметін бастап та кетті. Аудан әкімінің орынбасары Қ.Бағынов, аудандық мәслихат хатшысы М. Кенғанов және қала әкімі Е.Ысмағұл зауыттың алғашқы жұмысымен танысып, жылы лебіздерін білдірді. Сонымен қатар зауыттың ашылу салтанатына аудан ардагерлері және тұрғындар қатысты.

kaytaondeu4

-Негізгі зауыттың құрылысы 3 кезеңнен тұрады. Ең бірінші кезеңде тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау, яғни шыны ыдыстар, тамақ қалдықтары, ағаш және темір қалдықтарын бөлу жұмыстары атқарылады. Бөліп жиналған қалдықтар престеліп, арнайы орынға сақталады. Қалдықтардың көп бөлігі қайтадан өңделіп, кәдеге жаратылады. Зауыттың екінші кезеңін 2020 жылдың жаз мезгілінде бастау жоспарланды. Ол кезеңде полиэтилен қалдықтары ерітіліп, әртүрлі тротуарлық плиталар, ағаш қалдықтарынан престелген ДСП шығару көзделіп отыр. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде аудан тұрғындары арасынан 25 адам тұрақты жұмысқа қабылданып та үлгерді, – деді мекеме басшысы Бауыржан Абдрахманов.

Заманауи талапқа сай жасақталып, салынған зауыттың қуаттылығы жылына 40 мың тоннаны құрайды.

Ш.Хамитова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521