Жылыойлық оқушылар жалпыхалықтық диктант жазды

Еліміздің барлық өңірлерінде Республика күнін мерекелеу мақсатында ауқымды іс-шаралар жоспары бекітілді. Республика күні – мемлекеттің символын анықтайтын маңызды мереке. Осыған орай, елімізде жоспар бойынша бірқатар іс-шаралар басталып кетті. Соның бірі Қазақстанның барлық білім беру ұйымдарында мектеп оқушылары мен студенттер жалпыхалықтық диктант жазды.

Жалпы ұлттық диктант бүкіл ел бойынша 17 қазан күні, сағат 10:00 –де басталды. Республикалық патриоттық диктанның негізгі тақырыбы 2-4 сынып оқушылары арасында «Қыран елім –  Қазақстаным» тақырыбында өтті. Ал 5-11 сынып оқушылары іс-шарада «Менің арманымдағы Қазақстан» тақырыбына қалам тербеп эссе жазды.

Бұкіл Қазақстандықтар арасныда ұйымдастырылған бұл шараның басты мақсатыРеспублика күнінің маңыздылығын оқушылрға ұғындыру. Сондай-ақ талапты мектеп оқушыларын Отанды сүюге, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілікті қалыптастырып, ел рәміздерін құрметтеуге дәріптеу мақсатында болды.

Оқушылардыпатриоттық рух пен  достыққа, бірлікке, адамгершілік пен саналыққа, тәуелсіз бейбіл ел ұғымын қалыптастыру турасында ұйымдастырылған диктант аудандағы бірқатар мектептерде де өтті.

Атап айтсақ, №13 мектеп, № 7 мектеп, №15 мектеп, №16 мектеп, №3мектеп, №20 мектеп және де өзге мектеп оқушылары да белсенді түрде жалпыұлттық диктант пен эссе жазуға қатысты.

Айта кетейік, республикалық жалпы ұлттық диктант 12 жылдан бері үзбей өткізіліп келеді.

А.Жұмаберген

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521