Қоғамдық көлікке шабуыл жасалды

Ел игілігі үшін жасалып жатқан еңбекті бағалайық

Құлсары қала әкімдігі мамандарының хабарлауынша, 30 қараша күні сағат 20:00 шамасында «Батыс Тех Инвест» ЖШС-іне қарасты «Анкай» 296AV02 маркалы автобусына біреулер шабуыл жасап, терезелерін сындырған. Бұл қалаішілік автобус «Береке-Мұрагер» бағыты бойынша жүреді.

-Халықтың игілігі үшін іске қосылған қоғамдық көліктерге деген теріс көзқарас қайдан, қалай туындады? Қала тұрғындары қалаішілік жолаушылар тасымалы қызметіне жаңа көліктердің қосылғанына бір қуанып едік. Енді мынадай тәртіпсіздікті көріп, көңіліміз түсіп отыр. Бұдан әрі қарай да тәртіп пен тазалық сақталмаса, бұрынғы күйімізге қайтып келмейміз бе?

Қарапайым тұрғындар үшін әкелінген техниканы күтіп ұстамасақ түгілі, бұзып, қиратсақ, кімге зиян жасағанымыз? Ел игілігі үшін жасалып жатқан еңбекті бағалайық,-деп қынжылды әлеуметтік желіде жазған қала әкімдігі мамандары.

Қ.НҰРТАЙҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521