«Nur Otan» партиясы Жылыой аудандық филиалының ХХХІV есеп беру-сайлау конференциясы өтті

ken-zhyloi.kz

Жылыой аудандық мәдениет үйінде «Nur Otan» партиясы Жылыой аудандық филиалының ХХХІV есеп беру-сайлау конференциясы өтті.

Жиынға «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Халел Жамалұлы төрағалық етіп, конференцияның өкілеттілік нормасына сай 12 бастауыш партия ұйымының басын біріктірген 3692 партия мүшесінен санитарлы талапты сақтай отырып, 30 делегат қатысты. Олардың қатарында аудандық партия филиалы Саяси Кеңесінің және Саяси Кеңесі Бюросының мүшелері, Партиялық бақылау комиссиясы мүшелері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қоғамдық кеңесінің мүшелері, партия ардагерлері, фракция жетекшісі мен мүшелері бастауыш партия ұйымдарының төрағалары мен «Jas Otan» жастар қанатының төрағасы, БАҚ өкілдері қатысты. Күн тәртібінде 3 мәселе бекітіліп, толықтай қаралды.

Жиын барысының үшінші мәселесі бойынша «Nur Otan» партиясы Атырау облыстық филиалының ХХXIII есеп беру-сайлау конференциясына аудандық партия филиалынан 12 делегат сайланды. Жиын барысында конференцияның күн тәртібіндегі мәселелер толықтай қаралып, хаттама толтырыла отырып, қаулы қабылданып, конференция өз деңгейінде мәресіне жетті.

 

«Nur Otan» партиясы Жылыой аудандық филиалы төрағасының Х.Жамаловтың баяндамасы

«Nur Otan» партиясы Жылыой аудандық филиалында 2019-2020 жыл және 2021 жылдың І тоқсаны бойынша атқарылған жұмыстар туралы

БАЯНДАМА

Құрметті конференция делегаттары! Өткен жылдағы Саяси кеңестің кеңейтілген отырысында көтерілген мәселелер Елбасының күнделікті назарында жүрген және Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмалары негізінде жүзеге асырылып жатқан іс-шаралардың нақты жалғасы болатын. «Nur Otan» – Қазақстанның қарқынды дамып, өркендеуін мақсат тұтқан партия. Ол – еліміздегі жетекші саяси күш!

Қазақстан үшін сындарлы сәттерде Нұротандықтар әрдайым халықтың жанынан табылып, қиын да күрделі міндеттерді атқарып келеді. Біз ешқашан бір сәттік пайданы көздеген жоқпыз, орындалмайтын уәде беруден де аулақ болдық. Қоғамымыздың орнықты дамуы мен азаматтарымыздың тұрмысын жақсарту жолында тынымсыз жұмыс істедік. Заман алдымызға тартқан сан түрлі сауалдарға біздің дайын жауабымыз болған жоқ. Соған қарамастан еңбектене жүріп үйрендік, қажетті тәжірибе жинақтадық.

Соңғы кездерде бетпе-бет келіп отырған қиындықтар партияның саяси тұғырнамасында көрініс тапқан құндылықтардың ерекше маңыздылығын тағы да растады. Бұлардың қатарында – Адам, Бостандық, Заң үстемдігі, Әділдік, Бірлік, Болашаққа нық қадам, Отбасы мен дәстүр секілді қастерлі ұғымдар бар. Біз өз шешімдеріміз бен әрекеттеріміз барысында сара жолды саясатқа сүйене отырып, әрдайым ұлы мұраттар жолында жұмыла білдік. Сарабдал саясат жүргізу және барша қазақстандықтардың мүддесін ескеру елдегі тұрақтылық пен бірліктің негізіне айналды.

«Nur Otan» партиясының 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасы – біз қолға алған реформалардың заңды жалғасы. Жаңа бағдарлама – аса ауқымды, бірақ нақты жоспарланған, қажетті ресурстармен қамтамасыз етілген мақсаттар мен бағдарлар жиынтығы.

«Nur Otan» – халықтық партия. Бізге ел тағдыры үшін жауапкершілік жүктелген. Партиямыз өзінің құрылған күнінен бастап адамның, қоғамның және мемлекеттің дамуына жасалатын жағдайды жақсарту мақсатымен экономика мен саясатта ауқымды реформаларды тұрақты түрде жүзеге асырып келді. Бүгінде партиямыздың өзіндік дәстүрі, қол жеткен табысы мен тәжірибесі, қатары қалың жақтастары бар. Партияның республикалық сайлауалды бағдарламасы алғаш рет 216 аймақтық бағдарламада егжей-тегжейлі көрініс тапты. Бұл алға қойған міндеттерді еліміздің кез келген өңірінде, барлық деңгейде тиімді іске асыруға мүмкіндік береді. Біз елді жаңғырту мен барша қазақстандықтардың тұрмыс деңгейін арттыру бағдарын берік ұстанып келеміз.

Партияның негізін қалаушы – Елбасының басшылығымен Қазақстан халқы экономикасы серпінді дамыған қарымды қоғам және демократиялық мемлекет құрды. Біздің күш-жігеріміздің басты нәтижесі «Қазақстан-2030» Стратегиясының негізгі межелерінің мерзімінен бұрын жүзеге асырылуы болды. Олай болса, Жылыой аудандық партия филиалы Саяси кеңесінің 2019-2020 жылдардың қорытындысы бойынша келелі жұмыстарын өз ьдеңгейінде атқарды. Партияның бағдарламалық құжаттарында алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу, маңызды бастауымыз – «Мәңгілік Ел» идеясы төңірегінде топтасып, елдің тыныштығы, тұрақтылығы және жасампаздығы жолында партияның рөлін арттыру және тиімді әдістерін қалыптастыру – біздің басты парызымыз екенін анық сезінеміз.

Осы орайда «Nur Otan» партиясы Жылыой аудандық филиалы партия талаптарына сай өз жұмысын жол картасы арқылы жүзеге асырды. Саяси кеңес пен Бюро өз жұмысын бекітілген жоспарға сай жалғастыруда. Аудандық партия филиалында 102 топпен мекеме қызметкерлерінің басын біріктіріп отырған 12 бастауыш партия ұйымынан тұратын барлық саны 3000-дай партия мүшесі бар. Партия мүшелерінің сапалық құрамы күннен- күнге жақсарып, өндіріс, білім, денсаулық, шағын және орта бизнес салалары өкілдерінің саны артуда. 2019 жылы партия қатарына қабылданған кәсіпкерлер саны – 80 болса, 2020 жылы қабылданған кәсіпкерлер саны – 26 – ға көбейді. Оның ішінде, 7-жұмыссыз, 225-зейнеткер, 37- мүгедек, 38-студент, 408-бала күтіміндегі аналар қатарымен толығуда. Партия филиалына өз өтінішін білдіріп келген тұрғындар: еңбекпен қамту және еңбек даулары; Әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері;

Тұрғын үй және жер телімдері бойынша болып келеді. Осы бағытта тұрғындардың мұң-мұқтаждықтарын шешу, тиісті органдарға жеткізу мақсатында аудан басшылырының, құқық қорғау органдары, дербес бөлім басшыларының қабылдау жоспарлары жасақталып, қабылдау өткізілді. Өткізілетін қабылдаулар туралы мәлімет «Кең Жылыой» газетінде, фейзбук-инстаграм әлеуметтік желісінде жарияланды. Сонымен бірге, қабылдау кестелері аудандық филиалдағы арнайы бұрыштамада көрсетілген. 2019 жылы қоғамдық қабылдау бөлмесіне тұрғындардан 321 өтініш түсіп, соның 53% оң шешілді, өтініштің 47%-на консультативтік түсіндірулер берілсе, 2020 жылдың 12 айында барлығы әлеуметтік желі арқылы 841 өтініш түсіп, оның ішінде 590 өтініш (70,1%) оң шешімін тапты, қалған 251 өтініш 29,9%-на түсініктемелер жүрді. - 68%(575) «Biz Birgemiz» қоры арқылы қаржылай көмек пен азық-түлік себеті бойынша – 68%, жұмыспен қамту, еңбек даулары - 4%, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық - 6%, әлеуметтік көмекке мұқтаждық (атаулы әлеуметтік көмек, жәрдемақы, зейнетақы, мүгедектік жәрдемақы және алимент өндіру) – 6%, праймериз кезінде-16% оң шешімін тапты.

«Nur Otan» партиясының бастауымен 2020 жылы Праймеризге аудан бойынша 43 үміткер өтініш қалдырып, 29-ы да кандидат болып партиялық тізімге тіркелді (100%). Оның ішінде 8-і - әйелдер (30%), 10-і - 35 жасқа дейінгі жастар (33,3%). 6 (20,6%) адам бастауыш партия ұйымдарынан ұсынылды, қалған 23-і (7,9%) - өзін-өзі ұсынушылар. Партияның кадрлық резервінен тыс 4 үміткер (13,7%) алғаш рет праймеризге қатысу үшін өтініш білдірді. 2020 жылдың 7 қыркүйегінде кандидаттар партия ішілік үгіт-насихат жұмыстарын бастады. Кандидаттар аудан бойынша 12 бастауыш партия ұйымында кездесулер өткізді. Кездесулерге 260 партия мүшелері және ауыл тұрғындары қатысып, кандидаттарға өз сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптарын алды.

Праймериз ақпарат жүйесі арқылы, кандидаттардан 196 үгіт насихат жұмыстарын жарияланды. Кандидаттарға шектеу қойылған жоқ. Олар желілік кестеден тыс өз жеке аккаунттарында және офлайн форматта кездесулерін өткізді. Жария пікірсайысты өткізу кестесі әзірленіп, кандидаттар арасында жеребе тарту арқылы кезегін анықтап, ашық түрде 2 жерде 6 жария пікірсайыс өткізілді. Дебатқа 270 партия мүшесі көрермен ретінде қатысса, қалған партия мүшелері онлайын форматында фейсбук, инстаграм әлеуметтік желілер арқылы тікелей көрсетілімдер бақылады. Үгіт-насихаттың дұрыс, әрі жоспарлы ұйымдастырылуының арқасында «Nur Otan» партиясы 89, 7% жеңіске жетті.

Нұротандық 13 аудандық мәслихат депутаты және 2 облыстық мәслихат депутаты жаңа лауазымдарына 2021 жылдың ақпанынан бастап кіріскен болатын. 2021 жылдың фракция жетекшісі - Айтқұлов Мұхтар Қуандықұлы сайланып, 2021-2025 жылдарға арналған Сайлау алды бағдарламасының жол картасы әзерленіп, әр тармағына жауапты фракция мүшелерін бекітті. Орталық аппараттың тапсырмасына сәйкес, 9 қоғамдық кеңес құрылды. 2019 -2020 жылы Партиялық бақылау комиссиясы мен 4 отырысы өткізілген болатын. ҚР Президентінің, Партия Төрағасының тапсырмаларын іске асыру және партия мүшелерінің Этика кодексінің талаптары мен партияішілік тәртіпті сақтауы бойынша бастауыш партия ұйымының төрағаларының есебі тыңдалды. Қосымша жоспарға пандемия кезінде азық-түлік бағасын тұрақтандыру бағытында және дәріханаларда дәрі-дәрмектердің жеткілікті болуын қадағалау шаралары ұйымдастырылды. 2019 -2020 жылдың жоспарға сай Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің 4 отырысы өтті.

Үстіміздегі жылда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл жұмыстарының жағдайы және алдын-алуға байланысты іс-шараларды партияның «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимылдың 2015-2025 жылдарға арналған бағдарламасы талқыланды. «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында желілік кестеге сәйкес аудандық партия филиалының төрағасы ауданымыздағы Ұлы Отан соғысы ардагерлерін Жеңіс мерекесімен құттықтап сый-сияпат табыстады. «Жас Отан» ЖҚ-ның ұйымдастыруымен ауылымыздың қарттарына ауласын тазалап, көмек көрсету жұмыстары үнемі жүйелі жүріп келеді. Әр БПҰ-да қарттар күніне орай, ауылымыздың қарттарын қабылдап ұсыныс-пікірін тыңдай отырып, мәселесінің оңтайлы шешуге жұмыстануда.

«Кедергісіз келешек» жобасы аясында қабылдауда мүмкіндігі шектеулі жандар өздерін көкейінде жүрген сұрақтардың тұшымды жауаптарын алуда. Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы орта қалыптастыру бағытында, ауданымыздағы 118 әлеуметтік нысандардың пандустарының стандарқа сай келуіне зерделеу жұмыстары жүргізіліп. Нәтижесімен 41 нысанға стандартқа сәйкес келмеуіне байланысты ескертулер беріліп, жұмыстар қайта қалыпқа келтірілді.

«Құтты мекен» жобасы аясында «Nur Otan» партиясы аудандық филиалына қарасты Партиялық бақылау комиссиясы жанынан құрылған комиссия мүшелері Жылыой ауданында салынып жатырған 100 пәтерлік 3 тұрғын үйдің зерделеп, талдау(тексеру) жұмыстарын жүргізіп, мердігер мекемелерге тиісті ұсыныстар беріліп, орындалысын бақылауында ұстап келеді.

«Бақытты отбасы» жобасы аясында 1 маусым- Балаларды қорғау күніне орай «Мектепке жол» республикалық акциясына орай барлық «Жылыоймұнайгаз», «Теміржолшы Құлсары» бастауыш партия ұйымдарында әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың балаларына киім-кешекпен, оқу – жабдықтарымен көмек көрсетілді. Аудандық мәслихат депутаттары, мекеме басшыларыда осы акция аясында өз демеушілігімен балаларға көмек қолын созуда.

«Жастар Отанға» жобасы бағытында Елбасымыз, партиямыздың төрағасы Н.Ә.Назарбаев айтқандай, Ел ертеңі- білімді жастардың қолында. Бүгінде жастарымыз қоғамдағы өзекті мәселелерден тыс қалмауда. Өздерінің Отанға деген сүйіспеншіліктерін табиғатты аялаудан бастап, жыл сайын дәстүрлі түрде «Таза жағалау» акциясын ұйымдастырып келеді.

«Халыққа көмек» Елбасы, партия Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен Республика көлемінде «Biz Birgemiz» қоры құрылып, аудан бойынша 2000 мыңдай аз қамтылған, көпбалалы, мүмкіндігі шектеулі бала асыраушы, 1 – топ мүгедектеріне «Біз біргеміз» қоғамдық қорынан 50 мың теңгеден берілді.

Партияның идеологиялық жұмыстарын іске асырудың басты құралдарының бірі ол - медиа саясат. Яғни атқарылған жұмыстардың жариялылығы мен партияның идеялық құндылықтарын халық арасында кеңінен насихаттау. 2019-2020 жылдарда «Кең Жылыой» аудандық басылым беттеріне 10 мақала шықса, телеарнада 12 сюжетті көрсетілім ақпараты берілді. 2021-25 жылдарға арналған сайлауалды жоспарлардың жол картасы сызылып, 2021 жылдан бастап бой көрсеткен үлкен бастамаларымыз жол картасы бойынша басталды.

Тоқталып өтсем:

Экономикалық тұрақты аудан бағытында аудан тұрғындарының табысын арттыру бойынша: 2021 жылда 4 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда; 2021-23 жылдарға қарасты Теңіз кен орнында келешек кеңею зауытын салу құрылысы басталмақ және жобалық сметалық құжаттамалар әзірленуде; Қазақстандық пен шетелдік жұмысшылардың жалақысының айырмашылығына жол бермеу мәселесін үнемі бақылауға алды;

Тұрақты жұмыс орындарымен қамтамасыз ету үшін: 2025 жылға дейін шамамен жаңа жұмыс орнын құру және 2776 адамды жұмыспен қамту қолға алынды; Аудан бойынша «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы шеңберінде 2 жобаға 64 жаңа жұмыс орындарын құру, оның ішінде Жұмыспен қамту орталығы арқылы – 34 адамды жұмысқа орналастыру;-3 жоба, 49 жұмыс орны ашылмақ;

70 адамды - «Еңбек» бағдарламасының бағыттары бойынша тұрақты жұмыспен қамту шешіліп жатыр; Жұмыссыздықтың өсуіне жол бермеу, жұмыстан босатылған қызметкерлерді жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету бағытында мониторинг жұмыстарын үнемі жүргізіліп отыр;

Теңізшевройл» ЖШС-і және Теңіз қалашығында орналасқан мекемемен меморандумға қол қою әр жылда қарастырылған; 20 ірі мердігер мекемемен бос жұмыс орындары жәрмеңкесі басталды; Ауыл тұрғындарының табысын арттырып, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Бағаны тұрақтандыру жұмысына сай 40 кәсіпкерлік нысандарымен меморандумдар жасақталу жұмысы жүріп жатыр;

Азық-түлік өнімін тасымалдайтын көтерме сауда кәсіпкерлеріне жеңілдетілген несиелерге қолжетімділігін арттыру және аудан орталықтарынан коммуналдық базар ашу жоспарданған;

Мал шаруашылығы үшін мал азығы дақылдары егілетін алқаптарды 40 га дейін жеткізу; Асыл тұқымды мал шаруашылығы санын 1-ден 2-ге дейін көбейту жоспарлануда; Мал басының өсу, оның ішінде: Ірі қара мал 29,6 пайызға жету, ұсақ қара мал басы 47,1 пайызға жету;

Қой басын асылдандыруға бағытталған 1 жобаның іске асыру; Ауыл шаруашылығы техникасы паркін жаңарту мақсатында барлығы 10 жаңа ауыл шаруашылығы техникалары мен құралдарын сатып алу;

Кәсіпкерлерді қолдау мақсатында Құлсары қаласы, Өндірістік аймақтан құрылған Индустриялық аймақтан (6,3 гектар) және аукцион мен конкурспен жер телімдерін беруге (шағын сүт зауыты, профлист, төсемтас, ауыз су шығару цехтары, аспаздық, 2 сауда үйі, кафельге өрнек басу цехы арқылы барлығы 3 жобаны іске асыру;

«Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы шеңберінде несиелердің пайыздық ставкасын субсидиялау және кепілдендіру арқылы барлығы 90 жобаны субсидиялау, кепілдендіру; 3 жобаға қайтарымсыз негізде гранттар беру;

«Бизнес аймақ» өңірлік бағдарламасымен ауыл бизнесін дамыту мақсатында 7 жобаға шағын несие беру; «Еңбек» бағдарламасы бойынша Құлсары қаласының кәсіпкерлік субъектілеріне 3 жобаға шағын несие беру;

2025 жылға дейін жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлер санын 2021 жылы - 7,1 мыңға жеткізуге; Жұмыскерлер санын 14,1 мыңға, жалпы өңірлік өнімнің шағын және орта кәсіпкерліктің үлесі 23,5 пайызға жеткізу;

Жайлы аудан, халықтың өмір сүру жағдайларын жақсарту бойынша - Құлсары қаласында қалаішілік жолдарды қайта жаңғырту (2/3 кезең – 31-де 31 шақырым); Жаңа-Қаратон кентішілік жолдарын, тротуарымен қоса қайта жаңғырту (38 шақырым); Кәріздік-тазарту ғимараттарының (бұдан әрі - КТИ) құрылысын салу биылғы жылға қарастырылған;

Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы жүйесінің тиімділігін арттырамыз және абаттандыру жұмыстарын қолға аламыз деп отырмыз: аудан бойынша халық серуендеп, демалу үшін 3 парк салуға; ауылдық елді мекендерге 57,6 шақырым көше жарығын жүргізуге (Қосшағыл 7,5 км, Шоқпартоғай 7,1 км, Майкөмген 5 км, Ақкиізтоғай 11,7 км, Жаңа Қаратон 12,5 км, Тұрғызба 13,8 км);

Биыл 2 мың ағаш отырғызылып, қаланың жасыл аймағына басты назар аударылды; Әлеуметтік бағдарланған аудан бойынша, медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін 100 пайыз биыл арттыру төмендегідей бағытта қадлыптасады – Дәрі-дәрмектер қорын тұрақты қамтамасыз ету және медициналық бұйымдар ИВЛ, КТ аппараттарымен қамтамасыз ету;

Қорғаныш құралдарымен ауданның барлық емдеу-сауықтыру мекемелерінің қызметкерлерін қажетті қорғаныс құралдарының тұрақты қорымен қамтамасыз етуді қатаң бақылауда ұстау Еліміздің медициналық жоғарғы оқу орындарында білім алып жатқан өңіріміздің интерндері мен резиденттерін жұмысқа орналастыру;

Жыл сайын 2–ден кем емес жас мамандарды ауылдық елді мекендерге тұрақтандыру мақсатында әлеуметтік көмектерді кеңейту, оның ішінде, баспанамен, балабақшамен және тағы басқа көмектермен қамту; Жыл сайын кемінде адамды қамти отырып, балаларға арналған мамандандырылған емдік тағам мен дәрілік заттарға қолжетімділігін қамтамасыз ету;

53-ден астам медициналық-техникалық құрал жабдықтармен (жасанды тыныс алу аппараты, функционалды травматологиялық керует, эндоскопиялық хирургиялық видео кешені, цифрлық рентген, лор-комбайндары, наркозды тыныс алу аппараты, ультра-дыбыстық зерттеу аппараттары, CPAP назальды аппараты, гистероскопия, биполярный гистерорезектоскопия жинағы бар видеокешені, отаға арналған столдар, жоғарғы жиілікті электрокоагуляторлар және т.б.) қамтамасыз ету 2025 жылға дейін 5 нысанның күрделі жөндеу жұмыстарын және құрылысын аяқтау, оның ішінде: Құлсары қаласынан 75 төсектік аудандық 1 аурухана салу;

Жаңа Қаратон дәрігерлік амбулатория жапсаржай салу;

2025 жылға дейін жедел жәрдемге қажетті 1 автокөлікпен қамтамсыз ету; Білім беру сапасын арттыру бойынша - 2020-2021 оқу жылдарында республикалық трансферт есебінен 2687 дана компьютерлік техникалар (планшет, ноутбук), жергілікті бюджет есебінен аудан мектептерінде 1715 дана ноутбукпен қамтамасыз ету: Аудандағы білім беру ұйымдарының оқушыларын 100% оқулықтармен қамтамасыз ету мақсатында дана оқулық алуға; Білім беру ұйымдарын пандемияға қарсы залалсыздандыру заттары мен медициналық құралдармен (санитайзерлер, тепловизорлар, аяқ киім үшін кілемшелер т.б.) қамту;

Құлсары қаласындағы №5 Абай атындағы жалпы орта білім беретін 300 орындық жаңа мектеп;

Құлсары қаласындағы «Береке» ықшам ауданына 624 орындық жаңа мектеп; Құлсары қаласындағы №20 мектепке 180 орындық және №2 психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетіне 150 орындық жалғама; Қосшағыл ауылындағы №2 мектепке 80 орындық асхана құрылысын салу;

9 қызметкерін (орыс сыныптарына математика, физика, бастауыш сынып мұғалімдері) тарту;

Жоғары және бірінші санатты мұғалімдер құрамын 7%-ға дейін арттыру; Мұғалімдердің пәндік қауымдастықтарын құрып, тоқсан сайын жиналып, тәжірибелері мен шеберліктерімен бөлісу, педагог кадрлардың (жылына кем дегенде 239) кәсіби біліктілігін арттыру жұмыстарын (Әдістемелік орталық - Өрлеу АҚ, педагогтар шеберлік орталығы, Назарбаев Зияткерлік мектебі) жүргізу;

Мүмкіндігі шектеулі және ерекше қажеттіліктер бар адамдарға қолайлы орта қалыптастыру мақсатында әлеуметтік және көлік инфрақұрылым объектілерін 35%-ға бейімдеу; 2021 жылда ерекше балаларға білім беруге жағдай жасау үшін 4 мектепке 71 құрал-жабдықтар алу, сырғыманы (пандус) қалпына келтіру жабдықтар алу; «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталықтарының санын 100 пайызға арттыру;

«Іскер ана» жобасы арқылы жыл сайын 20 ден кем емес (аспаз, тігінші, шаштараз, сән салоны шеберлері - бет әрлеуші (визажист), маникюр, есепші, кадр ісі, ағылшын тілі (бастапқы база), массаж, компьютерлік сауаттылық, сатушы) аналарды оқу курстарынан өткізіп, мамандықтар беру;

Жаппай спортты дамыту үшін жағдай жасау бойынша - Жаңа-Қаратон кентінде және Қосшағыл ауылында 2 шағын футбол алаңдарын орнатуға; 2025 жылға дейін 35-ке жуық іс-шара өткізуге (футбол, баскетбол, волейбол, асық ату, қазақша күрес, тоғыз құмалақ, еркін күрес, дзюдо, теннис, ауыр атлетика және т.б.) ықпал етеді;

Жастарға арналған аудан жастарды қолдау мақсатында - Жыл сайын 300 кем емес жастарды жұмысқа орналастыру;

1200 жасты жұмыспен қамтуға жағдай жасап, жастар жұмыссыздығының деңгейін 2,2 пайыздан 2,1 пайызға дейін төмендетуге мүмкіндік беруге; «Жас кәсіпкер» бағдарламасы аясында жыл сайын өз ісін ашуға және бизнесті жүргізуге кемінде 12 жасқа несие беруге;

«Жасыл ел» еңбек жасақтарының жұмысын ұйымдастыру арқылы жаз мезгілінде 100-ден аса жасты жұмысқа орналастыру;

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша кемінде 4 жас маманды тартуға;

Тарих пен мәдениетті дамыту, мәдени және рухани құндылықтарды сақтау мен жетілдіру бағыты бойынша: Ұлттық спорт түрлерін, дәстүрлі өнерді (соның ішінде жыр-термені) дамыту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, сазгер Дәулеткерей Шығайұлының туғанына 200 жыл толуына, Амал, Домбыра күніне арналған іс-шараларды, қазақтың ұлттық ойындарынан сайыс, Бекет ата 270 жылдығына арналған «Ұлы дала сардары» атты облыстық ақындар айтысын іске асыруда - «Төре күйлердің атасы» атты күйші сазгер Дәулеткерей Шығайұлының туғанына 200 жыл толуына орай аудандық күйшілер байқауы және Пір Бекет ата Мырзағұлұлының 270 жылдығына арналған «Ұлы дала сардары» атты облыстық ақындар айтысыұйымдастырылады;

Мемлекеттік тілді кеңінен таратуға, қолдану аясын кеңейтуге, Қазақстан халқының тілдерін дамытуға жәрдемдесу мақсатында үш тілді жетік меңгерген жастар арасындағы байқауларды ұйымдастыру бойынша - «Тіл шебері» үш тілді жетік меңгерген жастар арасындағы аудандық байқауы өтеді;

Қаланың тарихи – өлкетану мұражайын, Мәдени мұра ескерткіштерін танымал ету мақсатында оның ішінде Қазақстандағы екінші Алтын адам табылған Аралтөбеге, қасиетті Бекет атаның туған жері, алғашқы мешіт ашқан Ақмешітке, Қазақстан мұнайының тұңғышы Қарашүңгілге, тас дәуірі ескерткіші Иманқара үңгіріне саяхаттар ұйымдастыруда - Бекет атаның туған жері, алғашқы мешіт ашқан Ақмешітке саяхатқа барады;

Ұлттық бірегейлікті қалыптастыруды және ұлттың мәдени кодын, «Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламаларын насихаттауды жүзеге асыру - Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында өтетін Ұлттық домбыра күніне арналған ашық аспан астындағы думанды кеш жоспарланып тұр;

Азаматтарға жеке кілтті (электрондық цифрлық қолтаңбаны) алу жөнінде түсіндіру жұмыстарын жандандыру - Өзі-өзіне қызмет көрсету бұрыштары (20 мектеп, 6 мемлекеттік қызмет көрсететін бөлім, қала, кент және 5 ауылдық округтерде) ашылған, түсіндірме жұмыстарын жүргізу; «Электронды үкімет» веб-порталы арқылы онлайн алынатын құжаттардың дерек қор базасының жұмысын күшейтуге - Әлеуметтік желілерде бейне конференция арқылы түсіндірме жұмыстарын жүргізу Электрондық форматта көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу, рәсімдік қадамдарын азайтуға - Әлеуметтік желі және БАҚ құралдары арқылы түсіндірме жұмыстарын жүргізу;

Ауданда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссияларында жыл сайын 50 сұрақтан кем емес мәселені қарау 4 отырыс өткізу;

2025 жылға дейін «бір терезе» қағидаты бойынша ұсынылатын мемлекеттік қызметтерді 100%-ға жеткізуге;

2025 жылға дейін мемлекеттік қызметтің электронды түрде көрсетілу көрсеткішін 90%-ға жеткізуге;

«Халыққа көмек» партиялық жобасы арқылы жергілікті атқарушы органдардың тұрғындарды ұйымдасқан түрде қабылдауын және тұрғын мәселелерінің созбаққа салынбай «Дәл осы жерде және қазір» қағидасымен нақты заңға сәйкес мерзімде шешу бойынша – 65 адамды жеке қабылдау; Халықпен кері байланыс орнату мақсатында әлеуметтік «Телеграмм чат» желісі ашылып, әлеуметтік желі арқылы ауданда болып жатқан түрлі мәселелер бақыланып, оның шешімін табудың жолдарын бақылап отырмыз;

Жергілікті атқарушы органдардың бөлімшелерімен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне толық ішкі талдау жүргізуге ықпалды 1 шарамен қамтамасыз ету;

Қауіпсіз аймақта құқық қорғау органдарының қылмыспен күрестегі тиімділігін арттыру бойынша- Жылыой ауданының жанданған 7 қиылысында бағдаршам орнату бойынша АКТ тапсырылады биыл;

80 жол белгілері мен 6 жаяу жүргіншілер жолағын салу (Махамбет даңғылы, Ажиғалиев, Тайманов, Абдрахманов көшелері); 2021-2025 жылдар аралығында аудан бойынша Ақкиізтоғай, Шоқпартоғай, Майкөмген елді мекендерге 3 жылжымалы өрт сөндіру модульдік станцияларын орнатуға құрылыс бастама алады;

Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың ведомствоаралық ынтымақтастығын нығайтуда 2 іс шара ұйымдастыру жоспарланған.

Құрметті жиынға қатысушылар! «Nur Otan» партиясы Жылыой аудандық филиалы партияның барлық талаптарына жауап беріп, халық сенімін қашанда биік қою мақсатында өзіне зор жауапкершілік алады және оны ойдағыдай атқаруға толық мүмкіндіміз бар.

Халқымыздың қасиетті құндылығы – Тәуелсіздікті мәңгілік сақтап, өркениетті елге жету жолында аудандағы барлық партия мүшелері бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығара жұмыла еңбек ете береді деп сендіремін.

Назарларыңызға рахмет!

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521