Әнұранмен оянған таң

Құлсары қаласындағы №97 дауыс беру учаскесі таңғы сағат 07:00-де өз жұмысын бастады. Мемлекеттік Әнұран шырқалып, учаске алғашқы келушілерін күтіп алды. Мұнда 2802 адам референдум құқығына ие. Барлық материалдық-техникалық база толық қамтамасыз етілген.

Учаскеде мүмкіндігі шектеулі жандар үшін арнайы кабиналар жасақталған. Ал референдумға аяқтай келе алмайтын 11 тұрғынға комиссия мүшелері көшпелі урналарды апарады. Республикалық референдумда қазақстандықтар елге атом электр станциясы (АЭС) қажет пе, жоқ па деген шешімді қабылдауы керек. Онда ұсынылған сұрақ:

"Қазақстанда атом электр станциясын салуға келісесіз бе?" Қазақстандықтар екі жауаптың бірін таңдай алады: "иә" немесе "жоқ", осы таңдауының біріне белгі қою қажет. Дауыс беру таңғы 7:00-ден кешкі 20:00-ге дейін өтеді.
П.Тәжі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT