Ноутбук пен принтер сыйлады

Бірлестік басшысы қолдау көрсеткен депутатқа алғыс айтты.

"Nur Otan" партиясы Жылыой аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде аудандық мәслихат депутаты Аманбек Мұқанов қабылдау өткізді. Қабылдауға аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Нұржарық Сауытов, Құлсары мүгедектер қоғамы бірлестігінің басшысы Қайрат Еңсепов пен мүмкіндігі шектеулі жандар келді. "Кедергісіз келешек" жобасы аясында депутат өз атынан қоғамдық бірлестікке ноутбук пен ксерокс, принтер жəне сканер үшеуі біреуінде құрылғысын сыйға тартты.

mukanovnout

Аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Сайлаубай Таласов партиялық жоба аясында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, үлес қосып отырған халық қалаулыларына ризашылығын білдірді. Бірлестік басшысы қолдау көрсетіп отырған депутатқа мүмкіндігі шектеулі жандардың атынан алғыс айтты.

Қ.Нұртайұлы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

Whatsapp:  +77017650876

Әлеуметтік желілеріміз