Несие алып, тігін цехын ашты

Басқа қалалармен, қажет болса, шетелмен білімін жетілдіріп, тәжірибе алмасуға ниетті.

«100 нақты қадам» - Ұлт жоспарының 33-қадамында бас бостандығынан айыру орынынан босаған және сынақтан өту қызметіне тіркелген азаматтарға арнаулы қызмет стандарттарын және әлеуметтік оңалтудың кешенді стратегиясын жасау көзделген.

Сондықтан аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған жаза басқан жандарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету бағытында жоспарға сәйкес аудандық құзырлы органдармен бірлесіп, жүйелі түрде жұмыстар жүргізілу үстінде. Сонымен қатар оларды жұмыспен қамту, кәсіби оқыту, мемлекеттік көмек көрсету аясында аудан әкімшілігі, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімімен, кәсіпкерлік палатасының өкілдерімен бірге шағын несие алып, өз бизнесін ашу, бизнес-жоба жасақтап, оны қорғау жолдары түсіндірілді.

Нәтижесі жаман емес. Таяуда пробация қызметінде есепте тұрған бір азамат «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасының қаржылай емес қолдау операторы ретінде ұйымдастырған «Бастау Бизнес» кәсіпкерлік негіздерін оқыту жобасының курсынан өтті. Сөйтіп, 505000 теңге көлемінде жаңа бизнес идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грантты ұтып алды. Ол қаржыға өзінің тігін цехын ашып, іске кірісті. Қазіргі уақытта аудан тұрғындарының түрлі тапсырыстарын орындап, халықтың алғысына бөленуде.

Ендігі басты мақсаты - осы кәсібін одан әрі кеңейтіп, үлкен тапсырыстар қабылдау. Басқа қалалармен, қажет болса, шетелмен білімін жетілдіріп, тәжірибе алмасуға ниетті. Сондықтан сотты болған азаматтардың түзелу жолына түсіп, қоғамның тең құқылы азаматы болып қалыптасуына ел болып атсалысуымыз қажет.

Ғ.Қарабалин,

аудандық пробация қызметінің аға инспекторы, полиция капитаны

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521