Біздің ұстаз ретінде шәкірт бойындағы әр қабілетті ашу - басты міндетіміз. 26 шілде күні Алматы қаласында «Дарын» өнер орталығы ұйымдастырған республикалық балалар өнер байқауы өтті. Байқаудың алғашқы кезеңі онлайн ұйымдастырылып, жеңімпаздар екінші кезеңге жолдама алған болатын.
Осы байқауда өз шәкіртім 3 «ә» сынып оқушысы Кәусар Рахимова Қадиқызы «Көркем сурет» жанры бойынша қатысып, жүлделі ІІ орынды иеленді. Кәусардың «Жазғы демалыс» туындысы қазылар алқасы тарапынан жоғары бағаланып, «BAQ Star» киностудиясының кастингіне жолдама алды. Байқауда оқушымның жетістігі үшін өзіме Түркия еліне саяхатқа жолдама берілді. Бұл жетекші ретінде бізге үлкен шабыт берген марапат болды. Бұл тек бір ғана жеңіс емес. Мектебіміздің МАД тобы жетекшісі Нұрайна Табылғанова Алпамышқызының шәкірттері де «актерлік шеберлік», «хореография» жанры бойынша жүлделі І орынды иеленді. Осы жетістіктің барлығы – ұстаз бен шәкірт арасындағы сенім мен еңбектің нәтижесі.
Өнерлі шәкірттеріміздің республика төрінен көрінуіне қолдау білдірген Шолпан Оңгарбаева Ботайқызы бастаған №3 жалпы орта білім беретін мектеп ұжымына алғысымды білдіремін.
Алтынгүл Ерқасова Шоқпартоғай ауылы