Өнеркәсіп салаларына ден қою қажет

 Елімізде ірі өнеркәсіп жобаларын іске қосу жұмыстары бірнеше бағытта жүзеге асырылып жатқаны рас. Бұл жобалар мемлекетіміздің экономикалық әлеуетін арттыруға, жаңа жұмыс орындарын құруға және өңірлердегі даму деңгейін теңестіруге бағытталған. Алайда аталған іс-шаралардың жүруіне көңілі толмаған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында    өзекті мәселелерге тоқталып:

-"Ірі өнеркәсіп жобаларын іске қосу жұмыстары баяу жүріп жатыр. Мұны активтерді қазынаға қайтару ісімен қатар жүргізу қажет. Мен бұл жөнінде ірі бизнес өкілдерімен кездесулерде айтқанмын. Қазақстанда орта буынға жататын көшбасшы компаниялар шоғырын қалыптастыру міндеті әлі де өзекті. Үкімет биылғы маусым айының соңына дейін келешегі зор әрбір орта кәсіпорынның жұмыс жоспарын әзірлеуге тиіс,-деді өз сөзінде.
     Қазір осындай маңызды жобалардың бірі мұнай және газ саласы. Бүгінде Қазақстан мұнай мен газ өндіруден әлемде алдыңғы қатарда тұр. Мысалы, Қашаған, Теңіз және Қарашығанақ кен орындарында жаңа жобалар іске қосылып, бұл өңірлердегі өндіріс көлемін арттыруда. Сол сияқты көмір мен металлургия өнеркәсібі – Жезқазған, Балқаш, Қарағанды және Шымкент өңірлерінде қарқынды жүріп, ірі металлургия және тау-кен өндірісі жобалары іске асырылып жатыр. Оған Қарағанды облысындағы жаңа тау-кен кешендері салынып, өндіріс қуаттылығы артқаны дәлел болып тұр. Десе де Қазақстан үкіметі экономиканы әртараптандыру үшін шетелдік инвестицияларды тарту және ішкі өндірісті дамытуда сәл артта келеді. Әрине, бұл жобалар тек экономикаға ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік саланың дамуына да ықпал ететіндіктен ел Президентінің бұл пікірі өте орынды. Сондықтан үкімет кейбір принциптерді қатаң түрде ұстауы қажет деп ойлаймын.

Айнаш Оспанова,
#1 жалпы білім беретін мектептің мұғалімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT