Құрылысты мердігер мекеме ретінде «Грантмастер» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізіп жатыр. Тапсырыс беруші аудандық құрылыс бөлімінен білгеніміздей, күні бүгін Өнер мектебінің екінші қабаты қаланып болды. Құрылыс жұмыстарының 40-45 пайызға жуығы аяқталып келеді. Жалпы болашақ оқу ордасы 466 орындық, үш қабатты ғимарат болады деп күтілуде. Алдағы желтоқсан айында құрылыс жұмыстары толықтай аяқталып, пайдалануға берілмекші. Қазір өнер ұжымы №15 С.Қарабалин атындағы орта мектептің ескі бастауыш сыныбының ғимаратын паналап отыр. Егер үш қабатты зәулім үйге қоныс тебер болса, онда Өнер мектебі өрендерінің өрісі кеңейе түсері сөзсіз.
Е.Қошақанов.