НЕМЕРЕСІМЕН БІРГЕ КЕП ДАУЫС БЕРДІ

Құлсары қаласындағы 235 сайлау учаскесіне немересін арқалап алған жасы егде апай келді. Қасында келіні бар. Дауыс беру кабинасына кішкентай бүлдіршінді көтерген күйі кіріп, өз таңдауын жасады. Ол Құлсары қаласы тұрғыны 70 жастағы Қаншай Жұмағалиева екен.


- Мен елімізде осындай маңызды науқан- Президент сайлауы боп жатқанда өз таңдауымды білдіруді жөн санадым. Егемен мемлекетімізде тыныштық пен береке- бірлік болсын деп таңдаған үміткерге дауыс бердім. Жаңа Қазақстан құру жолында қазіргідей тыныштық пен сүттей ұйыған берекелі өмір болса деймін. Мына немеремдей сәбилер алаңсыз бақытты өмір сүрсін. Немерем Шапағат 1 жаста. Осындай балақайлардың болашағы жарқын болғай! - дейді Қ.Жұмағалиева.

 

Өз тілшіміз.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521