Негізгі қызмет көрсететін мекемелерге халықтың көңілі толмайды

Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев басқармалар мен мекеме басшылары қатысқан жиында «Телеграмм» желісі арқылы халықтан түскен шағым бойынша «Атырау-Жарық» АҚ облыстық филиалы басшысына ескерту жасады.

Желі арқылы шағым түсірген қала тұрғыны электр желісінің қуаты шамадан тыс көбеюінің салдарынан тұрмыстық техникалары жанып кетіп, көп шығынға батқаны туралы айтқан. Тұрғындар «Атырау-Жарық», «Атырау су арнасы» секілді мекемелер ай сайынғы төленетін төлем уақытынан бір күн асып кетсе бірден қиып тастауға асығатындарын, ал халыққа сапалы қызмет көрсетуге келгенде салғырттық танытып жүргендерін желіде ашына жазған.

Бұны телеграмм желісінен білген облыс басшысы аталған мекеме басшыларын сынға алып, олардан тұрғындарға сапалы қызмет көрсетуді талап етті. - Халықтың көпшілігі тұрмыстық техниканы несиеге алатыны жасырын емес. Сол несиеге алған дүниесі «Атырау-Жарық» АҚ-ның жұмысты дұрыс ұйымдастыра алмағанының кесірінен жанып кете берсе, не болады? Бұл жүрдім-бардым қарайтын, жеңіл-желпі мәселе емес. Қаламыздың әр тұрғыны сапалы қызмет алуға тиіс. Сондықтан тұрғындарға сапалы қызмет көрсетуді сіздерден талап етемін, – деген Нұрлан Асқарұлы аталған мәселемен айналысуды орынбасары Н.Таубаевқа тапсырды.

П.Шымырбай

Сурет: ашық дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

Әлеуметтік желілеріміз