«Нефтестройсервис ЛТД» мекемесіндегі еңбек дауы қалай шешілгені белгілі болды

Қазіргі уақытта "Нефтестройсервис ЛТД" мекемесіндегі жағдай  тұрақты.

Жергілікті Еңбек инспекциясынан білгеніміздей, "Нефтестройсервис ЛТД" мекемесінде  кәсіпорын басшылары және жұмысшылармен кездесу өткен.

Кездесу барысында мекеме басшылығы қазіргі уақытта жалақаны көтеру мүмкіндігі жоқ екендігін ашып айтты.

"Себебі, Атырау мұнай өңдеу зауыты жобасы ағымдағы жылы аяқталады.  Жобаға қосымша қаражат бөлінбеген. Мекемеде болған наразылық акциясынан кейін 26 жұмысшы өз еркімен жұмыстан босады. Қазіргі уақытта жағдай тұрақты" делінген Еңбек инспекциясы таратқан мәліметте.

Мекемедегі ахуал Атырау облысы әкімдігінің тікелей бақылауында тұр.

Еске сала кетелік, бұған дейін "Нефтестройсервис ЛТД" мекемесі жұмысшылары жалақыны 50%-ға дейін көтеруді талап етіп, наразылық акциясын ұйымдастырған болатын.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

Whatsapp:  +77017650876

Әлеуметтік желілеріміз