«Өндірістік жарақаттану, еңбек қауіпсіздігі, өнеркәсіптік қауіпсіздік, санитариялық-гигиеналық еңбек жағдайлары туралы.

«Өндірістік жарақаттану, еңбек қауіпсіздігі, өнеркәсіптік қауіпсіздік, санитариялық-гигиеналық еңбек жағдайлары туралы.
Фото: ашық дерек көзінен алынды

Өндірістік жарақаттанудың себептері толығымен жұмыс орнында және жалпы кәсіпорында еңбекті ұйымдастыру деңгейіне байланысты.

Өндірістік жарақаттанудың себептері: технологиялық процестердің жетілмегендігі, жабдықтардың, ғимараттар мен құрылыстардың, ұжымдық және жеке қорғаныс құралдары мен құралдарының конструктивтік кемшіліктері мен техникалық жай-күйі, ауыр жұмыстарды механикаландырудың жеткіліксіздігі, оның ішінде қоршаулардың, сақтандырғыш құрылғылардың, дабыл беру және бұғаттау құралдарының жетілмегендігі.

Сонымен қатар материалдардың беріктік ақауларының және конструкциялардың тозуының болуы; пайдаланылатын заттардың бұрын белгісіз қауіпті қасиеттері әсер етеді.

Зиянды заттардың жұмыс аймақтарының ауасындағы жоғары (ШРК-ден жоғары) құрамы, жеткіліксіз немесе ұтымсыз жарықтандыру, шу, діріл деңгейінің жоғарылауы, қолайсыз метеорологиялық жағдайлар; рұқсат етілген мәндерден жоғары әр түрлі сәулеленудің болуысанитарлық-гигиеналық нормалардың бұзылуы, жұмысшыларды қауіпсіз еңбек әдістеріне оқытудағы кемшіліктер де жарақаттануға, кәсіптік аурулар мен улануларға душар етеді.

Жұмыс көлемінің ұлғаюына байланысты объектілер саны мен жұмысшылар саны күрт өсіп отыр.

Осы кәсіпорындарда санитарлық ережелер мен гигиеналық ережелерді сақтамау салдарынан кәсіптік аурулардың, әртүрлі уланулардың, жарақаттанудың пайда болу ықтималдығы бар.

Жұмыс алаңындарында зиянды еңбек жағдайлар: бұл ауыр физикалық еңбек, физикалық және химиялық факторлармен жұмыс, жоғары психоэмоционалды жүктемелер, қолайсыз метеофакторлар, белгіленген еңбек және демалыс режимінің бұзылуы, жеке қорғаныс құраладарын пайдаланбау, жұмыс орындарының сәйкессіздігі, техникалық қауіпсіздіктің бұзылуы, аймақтағы жағымсыз табиғи-климаттық жағдай (құрғақ әрі ыстық жаз айлары, салқын желді қыс айлары).

Сонымен қатар көптеген жұмысшылардың еңбек жағдайы ашық ауа астында өтеді, яғни кәсіби патологияның (ауру мен уланудың) пайда болуына жағдай жасайтын өндірістік ортаның барлық факторлары бар.  Төмендегідей бұзушылықтар анықталмау қажет: 

-жұмыс орындарындағы санитариялық-гигиеналық талптардың бұзылуы, 

-желдету жүйесінің жоқтығы немесе тиімсіз жұмысы; 

- Процестердің санитариялық сипаттамасына сәйкес санитарлық-тұрмыстық, жұмысшылардың қысқа уақытқа демалуына, жылу жағдайын қалыпқа келтіруге арналған бөлмелерінің болмауы;

 -зертханалық тексеру бойынша ауа, шу, жарықтану, микроклимат деңгейінің гигиеналық нормативке сәйкес болмауы; 

-арнаулы киім, жеке қорғаныс құралдарының болмауы немесе пайаланбауы;

-жұмыс ортасына өндірістік бақылаудың орнатылмауы немесе есебін аумақтыз СЭБ басқармаларына ұсынбауы; 

-медициналық байқаудың мерзімінде өткізілмеуі т.б кемшіліктер.

2018-2022 жылдарға арналған ҚР онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі кешенді жоспардың 6-тармағын іске асыру мақсатында жұмыс орнында канцерогенді факторлардың әсерін төмендету жөніндегі іс-шаралардың іске асырылуын бақылау жүзеге асырылып отыр.  

Канцерогендік заттарды пайдаланатын өндірістік объектілердің жұмыс орындарын түгендеу (жұмыс ортасында бензол, бенз/а/пирен, никель заттарын бөлетін кәсіпорындар) жүргізілді.

2018-2022 жылдарға арналған ҚР онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі кешенді жоспардың 6-тармағын іске асыру мақсатында жұмыс орнында канцерогенді факторлардың әсерін төмендету жөніндегі іс-шаралардың іске асырылуын бақылау жүзеге асырылып отыр. 

Канцерогендік заттарды пайдаланатын өндірістік объектілердің жұмыс орындарын түгендеу (жұмыс ортасында бензол, бенз/а/пирен, никель заттарын бөлетін кәсіпорындар) жүргізілді.

Негізгі талаптар: 

11 тармақ. Зертханалық зерттеулер мен сынақтарды дара кәсіпкер, заңды тұлға өндірістік зертханалар базасында не Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасына сәйкес аккредиттелген зертханаларды (сынақорталықтарын) тарта отырып жүзеге асырады.

Ұйымдастыру шаралары 

жұмыс орындарында өндірістік бақылауды ұйымдастыру; 

еңбек процесін ұйымдастыруға және қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды сақтау;

  жұмыс орындарын аттестациялауға қойылатын талаптарды сақтау;  қызметкерлердің еңбекті қорғау жөніндегі қағидалар мен нұсқаулықтарды, қауіпсіздік техникасы талаптарын сақтауын қамтамасыз ету; 

жазатайым оқиғалардың, апаттардың, өндірістік авариялардың салдарын жою жоспарларын әзірлеу және орындау; 

жабдықтарды, техникалық құралдарды және т. б. жөндеу жоспарларын әзірлеу. (желдету жүйелері, аспаптарды тексеруден өткізу т.б.).

Санитарлық-гигиеналық шаралар 

Жұмыс ортасында оптималды гигиеналық нормативтерді сақтау; 

Жұмыс ортасында тиімді желдету жүйесімен қамту, жарықтандыру деңгейін сақтау

жұмысшыларды санитарлық, гигиеналық заттармен қамту (дезинфекциялық пленка түзуші препараттарды сақтауға арналған дәрі-дәрмек шкафтары (жұмыс ауысымына дейін және одан кейін шағын жарақаттарды өңдеуге арналған), сондай-ақ аяқ терісінің тершеңдігі мен зеңдік ауруларының алдын алуға арналған дәрі-дәрмектер;

2) қорғаныш пасталары мен жуу құралдарына арналған арнайы мөлшерлегіш қондырғылар, көзді жуу препарттары

Осылайша, еңбекті қорғауды жақсарту шаралары тек формальдылық қана емес, сонымен қатар қызметкерлердің жарақат алу ықтималдығын төмендетудің, олардың кәсіби ауруларын болдырмаудың негізгі әдісі болып табылады. Бұл жазатайым оқиғалар, төтенше жағдайлар, өндірістік апаттар қаупін азайтуға да қатысты.

Сонымен қатар, жұмыс орындарын жаңғырту, қайта жарақтандыру, еңбек жағдайларының қауіпсіздігін арттыру сияқты шаралар – қызметкерлер үшін ынталандыру, олардың еңбек өнімділігін арттыру факторы болып табылады.

Жылыой аудандық санитариялық-эпидемиологиялық

бақылау басқармасының санитариялық-гигиеналық қадағалау

және техникалық регламенттер талаптарының сақталуын

бақылау бөлімінің басшысы Б.М.Елеусинова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521