Індетті жеңу үшін сақтық шараларын қатаң сақтамасақ болмайды

Карантин тәртібін сақтау өзіңді ғана емес, ұлтты сақтау екенін ұмытпайық

Біз ұлт ретінде, қоғам ретінде талай сыннан өтіп, қиын-қыстау кезеңді бастан кешіре отырып, ортақ қасіретке қарсы тұрып, беки түстік. Бұл күрес біздің өмірге деген көзқарасымызды өзгертті. Сол арқылы санамызды да өзгертіп жатыр.

Індет ұлт, мемлекет ретінде сақталып, аман қалудың басты шарты - темірдей тәртіп екенін санамызға ұрып құйып жатыр. Аталған атышулы індет аудан тұрғындарының әлсіз топтарына да тосқауыл болуда. Дегенмен бәріміз біріміз болып, жұдырықтай жұмылған жағдайда ғана бұл індеттен арыламыз.

Қасиетті Құрбан айт мерекесіне орай, "Nur Otan "партиясы Жылыой аудандық филиалының ұйымдастыруымен "Теңіз кеніші" еріктілерінің аталған шараға бірлесе атсалысып, қолдауымен аудандағы белгіленген осал топқа жататын 20 отбасы азық-түлікпен қамтылды.

Аудан деңгейінде Құрбан айт мерекесі қарсаңында аудандық мәслихат депутаттары, белсенді кәсіпкерлеріміз де аудан тұрғындарына құрбандық малының етін, азық-түлік себеттерін таратты.

Карантин тәртібін сақтау өзіңді ғана емес, ұлтты сақтау екенін ұмытпайық. Сабыр сақтап, той-жиынды тоқтатып, жаназаны да қазіргі жағдайға сай өткізіп, індеттің өршуіне жол бермейік тұрғындар.

Барлықтарыңызға амандық тілейміз!

«Nur Otan» партиясы

Жылыой аудандық филиалы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521