Індет жұқтырғандар саны мыңнан асып кетті

Құлсары қаласында тағы 13 жағдай тіркелді

29.05.2020 жылғы мәлімет бойынша COVID-19 жұқтырған 30 адам Теңіз кенішінде жұмыс істейтін мердігер мекемелердің қызметкерлері. Олар Теңіз кен орнынан шығар алдында және скринингтен өткен кезде, сондай-ақ инфекция жұқтырған науқаспен қарым-қатынаста болған қызметкерлер.

Ал, тағы 13 жағдай Құлсары қаласынан тіркелді. Олар скринингтен өту кезінде және бұрын инфекция жұқтырған науқаспен қарым-қатынаста болған.

Сондай-ақ 1 адам 1977 жылы туған әйел адам, Мақат ауданының тұрғыны.

Қазіргі уақытта науқастармен байланыста болған адамдар анықталуда.

Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.

29.05.2020 жағдай бойынша аймақта COVID-19 жұқтырған 1024 адам анықталды. Жазылып шыққандар саны – 294.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521