Үлкен тәрбиенің қайнар көзі көктемнің жарқын мерекесі Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мейрамы. Жыл өткен сайын Наурыз мейрамы елімізді мекендеген бүкіл халықтың, ұлт пен ұлыстың сағынып күтетін ортақ мерекесіне айналып, жаңа мазмұнмен, жарасымды сән-салтанатымен түрлене түсуде. «KMG-Security» ЖШС Құлсары филиалы ұжымының ұйымдастыруымен «Әз Наурыз мейрам шуағы» атты мерекелік шара өтті. Оған күзет қызметкерлері мен ардагерлері қатысты. Мекеме алдына ақшаңқан киіз үй тігіліп, ұлттық нақышта безендірілді. Дастархан жайылып, ұлттық тағамдар қойылды.
Мерекелік шараны Құлсары филиалының директоры Д.Досмағұлов ашып, ұжым қызметкерлерін құттықтады. Сонымен қатар «Қазтрансойл» АҚ Құлсары мұнай құбыры басқармасы корпоративтік қауіпсіздік қызметінің бас маманы С.Кенжеғалиев, филиал директорының орынбасары Б. Меңдібаев және кәсіподақ ұйымының төрағасы Н. Тасболатов және ұжым ардагерлері құттықтау сөз сөйледі. Алдыңғы кезекте шашу шашылып, қонақтарға наурыз көже ұсынылды. Бір топ ұлттық киім киген келіншектер қазақтың ежелден келе жатқан аса сұлу салт-дәстүрлерінің бірі сәлем салу рәсімін жасап, үлкендердің батасын алды.
Ұжым өнерпаздары Данияр Бөлекбай, Нұрсұлу Нұрбайқызы, Кенжегүл Жексенбай және тағы басқа қонақтар ән шырқап, ортада би биледі. Тұсау кесу рәсімі жасалып, Дүйсенбай Ержанұлы бүлдіршіннің тұсауын кесіп, ақ батасын берді. Ұлттық ойындар сайысында ләңгі тебу, кір тасын көтеру, қол күресі, арқан тартыс ұйымдастырылып, жеңімпаздар ақшалай және заттай сыйлықтармен марапатталды.
Наурыз, шуағыңды төге бер!
- Информация о материале
- Read Time: 1 min
- 561