Коалиция мүшесі, Мәжіліс депутаты Наталья Дементьева Ақмола облысындағы туризм және қолөнер саласы өкілдерімен кездесуде ел азаматтары жаңа Конституцияға үн қоса отырып, өздерінің ғана емес, балаларының да болашағын таңдайтынын атап өтті.
«Бұл құжат ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық болмысымызды, тарихи жадымызды, болашаққа деген жауапкершілігімізді бір арнаға тоғыстыратын мемлекетіміздің рухани тұғыры. Бұл құжатта тек биліктің құрылымы емес, ұлттың өзін-өзі тануы, өзінің тамыры мен тағдырын бағамдауы айқын көрініс тапқаны белгілі. Жаңа Конституция ұлттық мәдени құндылықтарды сақтауды мемлекеттің негізін қалаушы қағидаттарының бірі ретінде бекіте отырып, білімді, ғылымды, инновациялық технологияларды, цифрландыруды және жасанды интеллектіні дамытуға стратегиялық басымдық береді. Бұл – өткеннен қуат алып, болашаққа сеніммен қадам басатынымыздың айғағы деп түсінеміз», – деді депутат.
***
Жалпыұлттық коалицияның әлеуметтік желілердегі ресми парақшалары 👇
• Threads
• TikTok
• YouTube
🖥 Сайт: https://referendum2026.kz/kz




