Нашақорлар есебінде тұрғандардың дені - жастар

Өткен аптада аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен «Нашақорлық – түпсіз тұңғиық» атты пікір алысу кеші өтті.

Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай өткізілген шараға аудандық емхананың наркологы З.Мусина, аудандық полиция бөлімшесінің нашақорлыққа қарсы күрес бөлімінің маманы М.Мұсаханов, Жастар ресурстық орталығы басшысының уақытша міндетін атқарушы А.Атабаева және жастар қатысты.

Алдымен нарколог маман есірткінің түрлерін атап, олардан аулақ болу керектігін айтты. «Ауданымызда нашақорлықпен ауыратындар басқа аудандармен салыстырғанда аз. Диспансерлік аурулар, токсикомандар және маскүнемдер де бар. Ең қиыны – нашақорлар. Бір қолданған адам ары қарай да қолданғысы келеді. Физикалық тәуелділік ми органдарын, жүйке жүйесін улайды» - деді ол.

Учаскелік инспектор М.Мұсаханов: Бізде арнайы профилактикалық есеп бар. Ай сайын орталық аурухананың нарколог дәрігерлерімен бірігіп акция жасап тұрамыз. Есепте тұрғандардың көпшілігі жасөспірімдер. Нашаны пайдаланып, автокөлік жүргізгендер де ұсталды. Бұл мәселемен қоғам болып күресу керек. Барлығымыз да нашақорлықтың адамға зардабын түсіндіруіміз керек, - дейді.

А.Атабаева жастардың тренингтерге қатысып, білім алғаны дұрыс дейді. Сонымен қатар ата-аналарға «баланың қай үйірмеге қабілеті бар, соған беріңіз» деген кеңесін айтты. Себебі бала сол іске құлшынып тұрса, одан жақсы нәтиже шығады.

Кездесуде жастар мамандарға сұрақтар қойды. Осындай кездесу ұйымдастырған кітапхана ұжымына алғыстарын айтты.

Ж.Шаңқанова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

Әлеуметтік желілеріміз