Аудан әкімі Жұмабек Қаражанов өткен дүйсенбі күні аудан әкімдігінде өңірдегі инфрақұрылымдық жобаларды қолға алған мердігер мекемелер басшыларының басын қосып, арнайы жиын өткізді.
Онда күні бүгінге дейін атқарылып келген нақты жұмыстардың көлемі пысықталып, сапалық деңгейі сараланды. Осыған дейінгі айтылған сын-ескертпелерден нақты нәтиже талап етті. Жиын үстінде жасалған жұмыстармен бірге кеткен кемшіліктер де ашық айтылды. Сондықтан сала мамандарына оны түзетуге белгілі бір мерзім беріліп, әрбір жүргізіліп жатқан құрылыс нысандары жергілікті әкімдік тарапынан бақылауда болатыны қатаң ескертілді.