Нәзік жандар жанайқайын әйел депутат түсіне алады

Мұндай жағдайда әйелдің жанын әйелден артық түсінетін кім бар дейсіз?

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің халыққа арнаған үндеуінде Парламент мәжілісі депутаттарының сайлауын тағайындау туралы Жарлыққа қол қойғанын мәлімдеді. Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында еліміздің жан-жақты өркендеп, келешегінің кемелдене түсетінін, мақсатты іске асыру жолында алдағы сайлау науқанының маңызы зор екенін айтып өтті.

Саяси жүйені жаңартып, жан-жақты дамытуда әйелдер мен жастардың да септігі орасан боп шықты. Себебі, ел басқару ісіне жастардың келуімен бірге саясатқа өзгерістер, жаңашылдықтар келіп қосылатын болады. Нәзік жандылар елдің бірлігінің сақталып, ынтымақ пен ұйымшылдықтың негізіне айналмақ. Балаларын жеткізіп, оқыту, өсіру жолында талай әйел азаматтар тағдырдың тауқыметін тартып жүр бүгінде. Мүмкіндігі шектеулі балаларын асырап отырған қаншама жалғызбасты ана бар қазіргі қазақ қоғамында. Мұндай жағдайда әйелдің жанын әйелден артық түсінетін кім бар дейсіз? Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алып, аналар құқығын сақтау кезінде де ең әуелі әйелдің ұсынысы мен пікіріне сүйеніп, көмегіне жүгінетініміз белгілі. Сондықтан да бұл бастаманы қолдайтынымды жеткізгім келеді.

Алда өтетін сайлаудың ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету арқылы демократиялық еркіндікке қол жеткізіп, ел азаматтарының белсенділігін арттыруға басымдық берілген. Сайлау заңдылығына енген өзгерістер арқылы қоғамның кем-кетік тұстарын бүкпесіз ақтарып, жетіспеушіліктер мен шикіліктің орнын толтыруға мол мүмкіндік туындайды деп сенемін. Бүкіл әлемде орын алған пандемияның зардабынан арылып, халықтың өмір сүру мүмкіншілігі мен әлеуметтік жағдайын арттыруда келер жылы жүзеге аспақ боп отырған сайлаудағы жаңа бағыттардың пайдасы мол болмақ.

Гүлдана Сәрсенбаева,

дефектолог маман

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521