«Нұрсая» саябағының қақпасын бұзған кім?

Соңғы жылдары ТШО компаниясының қолдауымен бірнеше саябақ ашылды.

Құлсары қаласын көркейту мақсатында көптеген жобалар жүзеге асуда. Бұл жұмыстардың барлығы қала тұрғындары мен қонақтары үшін жасалып жатқаны белгілі. Соңғы жылдары ТШО компаниясының қолдауымен бірнеше саябақ ашылды. Осы демалыс орндарына келушілер қоғамдық орында тәртіпті сақтамай, ортақ игілік үшін жасалған нысандарды бұзып кетіп жататыны қынжылтады.

Жақында «Нұрсая» саябағында осындай бір келеңсіз жағдай орын алды. Белгісіз біреулер саябаққа кіреберістегі қақпаны қиратып кетіпті. Шамасы, көлікпен соққан болуы керек. Құқық бұзушылар жауапқа тартылып, тұрғындар демалатын саябақ қақпасы көп кешікпей қалпына келтіріледі деп сенеміз.

Қ.Қожаназартегі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521