Нұрлан Жахин жұмыс сапарымен Жылыой ауданына келді

Жылыой ауданына ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Атырау облысы бойынша департамент басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Жахин жұмыс сапарымен келді.

Сапар барысында ол аудан активімен, кәсіпкерлермен кездесті және азаматтарды қабылдады. Кездесуге аудан әкімінің орынбасарлары, мәслихат депутаттары, бөлім басшылары мен кент, ауылдық округ әкімдері қатысты.

Отырыс барысында Нұрлан Жахин Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру шеңберінде қабылданған Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022 – 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын түсіндірді. Бұған қоса, аудадық мекмелерде превентивтің механиздердің жүзеге асырылуына тоқталды. Әсіресе жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жұмысының сапалы жасалуына баса назар аударды.

Іссапар барысында «Бизнеске жол» жобасы шеңберінде аудан кәсіпкерлерімен олардың проблемалық мәселелерін шешу және іскерлік ахуалды жақсарту бойынша ұсыныстарды талқылау бойынша диалог алаңын өткізді.

Кездесу соңында қатысушыларға бағыныштылардың сыбайлас жемқорлық үшін басшылардың жауапкершілігі, Агенттіктің 1424 Call орталығы туралы еске салынды, оның негізгі міндеті сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша азаматтарды тегін консультациялық қолдау және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы келіп түскен телефон хабарламаларына жедел ден қоюды қамтамасыз ету, сондай-ақ ауданның проблемалық мәселелері бойынша ұсынымдар берілді.

Жылыой ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521