Нұр-Сұлтан қаласының шығу тарихы

Шараға әр мектепен жиналған тұрақты оқырмандар қатысты.

Аудандық балалар кітапханасында бейбітшілік пен жасампаздықтың қаласы, еліміздің жаңа астанасы - Нұр-Сұлтан қаласының тарихымен, бүгінгі таңдағы жеткен жетістіктері туралы таныстыру мақсатында «Елімнің жүрегі Астана!» ертеңгілігі өткізілді. Оған әр мектептен жиналған тұрақты оқырмандар қатысты.

Мерекелік шарада оқырмандар «Астана – арман қала», «Мен сені сүйемін Қазақстан», «Қазақтың жігіттері» әндерін әуелетіп, «Астана - елімнің құт мекені» атты слайд арқылы Нұр-Сұлтан қаласының өткені мен бүгіні туралы мәліметтермен танысты. Сондай-ақ «Астана - бейбітшілік бесігі» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқырмандарға Дүкенбай Досжанның «Ақ Орда», «Менің жаңа Астанам», «Астанаға қош келдіңіз!» атты үш тілде жарық көрген тілдескіш кітаптары насихатталды.

Бөбек Садықова,

аудандық балалар кітапханасының кітапханашысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

Әлеуметтік желілеріміз