«Нұр Отан» партиясының Жылыой аудандық филиалының есебі тыңдалды

Өткен аптада «Кең Жылыой» мәдениет үйінде «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының ХХVIIІ есеп беру-сайлау конференциясы өтті.

Оны «Нұр Отан» партиясы Жылыой аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Сайлаубай Таласов ашып, жүргізіп отырды. Ашылу салтанатында Қазақстан Республикасының гимні орындалады. Конференцияның жұмысына аудандық партия филиалы Саяси кеңесінің мүшелері, партия ардагерлері, мәслихат депутаттары, жергілікті атқарушы органдар басшылары, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары мен «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері қатысты. Конференция делегаттарының өкілеттіктерін растау үшін сөз мандат комиссиясының төрайымы Айкен Аманшинаға беріліп, ол хабарлама жасады. Партия төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында айтылған міндеттер туралы облыстық мәслихат депутаты Айтпай Сисенов баяндама жасады. «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының биылғы жылдың 9 айы бойынша атқарған жұмыстары туралы Сайлаубай Сұлтанғалиұлы таныстырып өтті.

Жарыссөзге шыққан Құлсары аумақтық бастауыш партия ұйымының төрағасы Нұрбай Сүйембаев, жастар ресурстық орталығының маманы Жанар Тұрлановалар өз пікірлерін ортаға салды. Халық қалаулысы Айтпай Сисенов аудандық партия филиалының биылғы атқарған жұмысына қанағаттанарлық деген баға берді. Конференцияда партияның аудандық филиалының Саяси кеңесі құрамына өзгерістер енгізіліп, Атырау қаласында өтетін партияның облыстық филиалының ХХVIIІ есеп беру-сайлау конференциясына белгіленген квотаға сәйкес 43 делегат ұсынылды. Конференция қарауына ұсынылған мәселелер толықтай қаралып, қаулы қабылданды.

Қ.Дүйсенбетов.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521