Н.НОҒАЕВ: ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ҚЫСҚАРМАУЫ ҮШІН БАР КҮШ-ЖІГЕР ЖҰМСАЛАДЫ

Мұнай мен мұнай өнімдеріне сұраныстың төмендеуі қызметкерлердің жұмыссыз қалуына себеп болып отыр.

Мұнай компанияларында 3,5 мың адам жұмыссыз қалды. Бұл жайында халыққа есеп беру барысында энергетика министрі Нұрлан Ноғаев мәлімдеді, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Министрдің айтуынша, қызметкерлердің жұмыссыз қалуына мұнайға деген сұраныстың төмендегені әсер етіп отыр.

"Біздегі мәлімет бойынша, мұнай сервисі саласында үш жарым мыңға жуық адам жұмыссыз қалды. Мемлекет қызметкерлер санының одан әрі қысқармауы үшін бар күш-жігерін жұмсайды", – деді министр.

Ноғаев маусымның соңына дейін ТШО мен басқа да сервистік компания қызметкерлерінен жалақы төленетінін айтты.

"Сонымен қатар мемлекет жүйе құраушы кәсіпорындарды қолдау және салық төлеуге жеңілдік беру бойынша шаралар қабылдап жатыр. Мұнай сервистік компаниялар осы шараларды пайдалана алады", – деді министр.

Айта кетейік, Қазақстан мұнай өндірісін өткен жылмен салыстырғанда 4,5%-ке азайтуды жоспарлап отыр.

Демек, 2020 жылы елімізде 86 миллион тонна мұнай өндіріледі.

ERNUR.KZ

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

logo1

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

 

Яндекс.Метрика