Ауданда 4 адам мұзға тайып құлап, ауруханаға жеткізілген. Оның екеуі аудандық ауруханаға жатқызылса, 2 адам аяқтай емделіп жүр.
Жалпы көктайғақтың салдарынан дәрігерлер бірнеше адамды қабылдап, ем-дом шараларын жүргізуде. Жапа шеккендердің көбі - көшеде тайып жығылып мертіккендер мен жол апатына түсіп жарақат алғандар. Мамандар осы күндері барынша сақ болуға кеңес береді.
П.Қизатова