Мұз үсті ойын алаңы емес!

Мұз үсті ойын алаңы емес!
Фото: ашық дерек көзінен алынды

Аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі мен жедел құтқару жасағы қызметкерлері аудан көлеміндегі су айдындарында мұздағы қауіптің алдын алу мақсатында профилактикалық шаралар жүргізді. Шара барысында мұз үстінде сырғанақ теуіп жүрген тұрғындар мен балық аулаушыларға мұздағы қауіпсіздік бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, жадынамалар таратылды.

Құрметті Жылыой ауданының тұрғындары мен қонақтары! Қыс мезгілінде мұздағы қауіпсіздікті сақтау керектігін ескертеміз. Мұзда болған кезде: 1) мұздың жұқа және жетілмеген жерлеріне шығуға;

2) мұздың жекелеген (қауіпті) учаскелерінде топтармен жиналуға;

3) мұздағы ойықтарға, жарықтарға жақындауға; 4) өткелдер үшін бөлінген орындардың шекарасынан тыс көлік құралдарымен мұзға шығуға;

5) от жағуға;

6) 20 сантиметрден аз қашықтықта мұзды оюға,

7) мұзда жабдықтар мен қоқыстарды қалдыруға жол берілмейді.

Сондай-ақ, мұздың қалыңдығы 25 сантиметрден кем болған кезде мұз астында балық аулауға жеке құтқару құралдары (ысқырық, құтқару шильці, құтқару кеудешесі, диаметрі 11 миллиметрден кем емес, ұзындығы 12 метрден кем емес арқан, ұзындығы 2 метрден кем емес таяқ, су өткізбейтін пакеттегі ұялы телефон) болған кезде ғана жол беріледі.

К.Кенжебеков, аудандық

Төтенше жағдайлар бөлімі бастығының уақытша міндетін атқарушы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521