Ұмыт қалған көше

Қазір Құлсары қаласындағы көптеген учаскелер мен жаңадан бой көтерген ықшамаудандардың көше-көшелеріне айнадай жалтыраған асфальт төселіп, баяғы ми батпаққа батқан тұрғындар бір жасап қалып жатыр. Басқа жерді қайдам, әсіресе, 4-учаскеде тұратын ағайындар мәз. Онда баяғы адам жүруге қорқатын, жалғыз машина әрең сиятын тар көшелердің өзі тақтайдай теп-тегіс болып шыға келді. Ондай «жалғыз аяқ» асфальт жолдарды өзге өңірден көргеніміз жоқ.

Бірақ, бір әттеген-ай деген тұстары да бар. Бүкіл 4-учаске тасжолмен қамтылып жатқанда, неге екендігі белгісіз, осындағы Бекбике көшесі жыл сайын ұмыт қала береді. Айнадай асфальттың үстімен «қыдырып жүрген» ауылдастарына қызыға қарайтын мұндағы көше тұрғындары жергілікті әкімдікке мұңын шағып та барған көрінеді. Көріп отырғаныңыздай, әзірге ешқандай нәтиже жоқ. Ал бекбикеліктер болса қазіргідей күздің жауын-шашынды күндері шалшық пен балшық кешіп жүруге мәжбүр.

А.ҚҰСАЙЫНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT