Мүмкіндігі шектеулі жанға үйден дауыс беруге мүмкіндік

Жылыойлық Сәтен Нұрғазиева - екі аяғынан бірдей жүре алмайтын, мүмкіндігі шектеулі жан. Оның өзі тіркеуде тұрған №95 дауыс беру учаскесіне келіп таңдау жасауға денсаулығы жарамайды. Соған қарамастан  ол маңызды күннің өтуіне өзге де жерлестері секілді үлесін қосып, өз таңдауын жасауды ұйғарды. Осылайша үйден дауыс беруге өтініш білдірді.

Ерекше жан тек дауыс беріп қана қоймай, өзінің ерекше ілтипатын, ыстық ықыласын білдіріп, сайлаудан соң оң өзгерістер күтетінін айтты. Әсіресе, өзі секілді мүмкіндігі шектеулі жандардың жағдайы оны қатты толғандырады екен.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521