Мәслихатқа – 30 жыл

Биыл Қазақстанда жергілікті өкілді органдар – мәслихаттардың құрылғанына 30 жыл толуына орай аудандық әкімдікте салтанатты жиын өтті. Алдымен, аудандық мәслихаттың бүгіні мен кешегісінен сыр шертетін бейнеролик жиналғандардың назарына ұсынылды. Аудандық мәслихат төрағасы Қанат Мыңбаев ауданның экономикалық, әлеуметтік дамуына атсалысқан азаматтар мен халық қалаулыларын «Қазақстан мәслихаттарының 30 жылдығы» мерекелік медалімен марапаттады.

Аудан әкімі Жұмабек Қаражанов өзінің құттықтау сөзінде мәслихаттардың жергілікті басқару жүйесіндегі рөлін, депутаттардың ауданды дамытуға қосқан үлестеріне алғыс білдірді. Сондай-ақ бұл күні бір топ адам «Жылыой ауданының Құрметті азаматы» атағымен ұлығыланды. Олардың қатарында мәдениет, денсаулық, мұнай саласының ардагерлері мен ауыл шаруашылығына үлес қосқан жандар бар. Жылыой аудандық мәслихатының барлық кезеңдегі шақырылымы бойынша жалпы саны 120 депутат өкілеттік еткен. Әрбір шақырылым депутаты өз кезеңінің маңызды міндеттерін орындап, халықтың мүддесін қорғау жолында аянбай еңбек етті. Қазіргі аудандық мәслихат құрамында «AMANAT» партиясынан 9, «Aqjol» партиясынан 2 депутат болса, қалған 3 депутат – өзін өзі ұсынғандар.

П.ТӘЖІ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT