МОНОПОЛИСТЕР ҮЙІ ӨРТЕНГЕН ЖЫЛЫОЙЛЫҚҚА КӨМЕККЕ КЕЛДІ

ken-zhyloi.kz

Ағымдағы жылдың 25 ақпаны сағат таңғы 6 шамасында Құлсары қаласы, 7 ауыл, Артығалиев көшесінде орналасқан 2 қабатты №152 (мансард) үйден өрт шығып, толықтай жануы орын алды.

Жылыой ауданы әкімдігі өз кезегінде ауданда орналасқан кәсіпорындарға, кәсіпкерлерге және Теңіз кенішіндегі мекемелерге демеушілік көмек көрсету туралы ұсыныстар жолдап, қазіргі уақытта төменде көрсетілген мекемелер:

1. «Атырау Жарық» АҚ үйдің толықтай ішкі, сыртқы ток жүйесін жүргізуді;

2. «Жылыойгаз» ЖШС-і үйдің толықтай жылыту жүйесін;

3. «Жылыойсу» ЖШС-і үйдің толықтай ауыз сумен қамтылуын өз қаражаттары есебінен жүргізетінін жеткізді.

Осылайша Жылыой ауданында республикамыз бойынша бастау алған қайырымды істер марафоны өз жалғасын табуда. 

Сонымен қатар, Жылыой ауданы әкімдігімен өртенген жеке тұрғын үйді бұзуды жәнеде жаңадан тұрғызылатын жеке тұрғын үйге қажетті құрылыс материалдарымен қамтамасыз ету бойынша жергілікті мекемелерге ұсыныс берілді.

Қазіргі таңда жалпы ауданы - 110,25 ш.м. болатын тұрғын үйге сметалық құжаттамалар жасалуда.

Жылыой ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521