«Мобильдік кеңсе» аудан тұрғындарына қызмет көрсетті

Өткен аптада "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ облыстық филиалы мен аудан әкімдігінің бірлесіп ұйымдастыруымен мобильдік топ Құлсары қаласы мен ауылдық округтерді аралаған болатын.

Аталған топтың мақсаты – Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесіне тұрғындарды тарту және қаржылық құқықтық сауатын көтеру бағытында ақпараттық түсініктеме жұмыстарын жүргізу. -Мұндай мобильдік кеңсе Қазақстанның үш облысында бар. Атап айтсақ, Алматы, Қостанай және Атырау облысында. «Мобильдік кеңсе» ауданымыздағы мұнай өндіру мекемелерінде болды. Атап айтсақ, «Жылыоймұнайгаз» мұнай және газ өндіру басқармасы, «Казкомсервис» ЖШС қызметкерлеріне қызмет көрсетті. Мұнайшыларға Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесіндегі модернизацияны түсіндірді. Сонымен қатар «Беркад» орталық базарында, Ақкиізтоғай мен Шоқпартоғай ауылдарында болып, операциялық қызмет түрлері көрсетілді. Енді жуық арада Теңіз кен орнындағы мекемелердегі жұмысшыларға қызмет көрсетуді жоспарлап отыр,-дейді "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ-ның ауданымыздағы басшысы Г.Садешова.

Қ.НҰРТАЙҰЛЫ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

Әлеуметтік желілеріміз