Жылыой ауданы аумағында қала, кент, ауылдық округтерде, Теңіз кен орнында 12 мобильді топ құрылды
Жылыой ауданы әкімдігі жанынан құрылған мобильді топ мүшелері күшейтілген режимде жұмыс атқаруда. Мобильді топ мүшелерінің негізгі міндеттері ауданымызда коронавирус инфекциясының алдын алу және тұрғындарға сақтық шараларын күшейтуді түсіндіру болып табылады.
Осы орайда мобильді топ мүшелері ауданда орналасқан кәсіпкерлік бағыттағы нысандардың санитарлық талаптардың сақталуына, отбасылық шаралардың алдын алу бойынша бекітілген кестеге сәйкес бақылау жұмыстарын жүргізуде.
Бүгінгі күні мобильді топ мүшелері қонақ үй, қоғамдық тамақтану орындары, көлік жуу орталықтары, діни бірлестіктер, білім беру ұйымдарында санитарлық талаптарды сақталуына бақылау жүргізілді.
Жылыой ауданы аумағында қала, кент, ауылдық округтерде, Теңіз кен орнында 12 мобильді топ құрылды, оның ішінде 107 қызметкер жұмылдырылған.
Жылыой ауданының жедел штабының байланыс нөмірі 8(71237) 5-18-60.
Еске сала кетейік, Атырау облыстық бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің №71 қаулысына сәйкес бірқатар шектеулер енгізілген.
Жылыой ауданы әкімдігі баспасөз қызметі