Құлсары қаласындағы № 7 мектепте орналасқан № 237 дауыс беру учаскесінің өз жұмысын бастағанына үш сағат болды. Қала халқының сайлауға келу қарқыны бірқалыпты. Мұнда дауыс берушілерге барлық жағдай жасалған. Оның бірі мүгедек және көру мүмкіндігі жоқ қала тұрғындарына арналған жеке үстел. Бұл жөнінде № 237 референдум комиссиясының төрайымы Тоғжан Найзабекова:
-Референдумға үлкен жауапкершілікпен қарадық. Соған сай дайындық та жақсы жүрді. Дауыс беру құқығы бар барша аудан халқының сайлауға келуіне жағдайын жасау міндетіміз. Сол үшін зағип жандар мен мүгедек жандар үшін де арнайы орын дайындап қойдық. Бұл тек бізде емес, аудандағы барлық референдум учаскелерінде де қарастырылған,-дейді.
Сондай-ақ, бұл учаскеде 12 тұрғын денсаулығына байланысты аяқтай келе алмайтыны белгілі болды. Олар да маңызды сәттен құр қалмақ емес.
Д.Ізбасарова