Қазақстан Республикасында мүлік салығын төлеуден толық және ішінара босатылатын түрлі санаттағы азаматтар бар. Нақтырақ айтқанда, салықты төмендегі адамдар толықтай төлемеуіне болады:
1.Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар - 18 жасқа толғанға дейін. Ішінара:
1. Меншік құқығындағы барлық салық салу объектілерінің жалпы құнынан 1000 айлық есептік көрсеткіш шегінде:
-Кеңес Одағының Батырлары, Социалистік еңбек ерлері, -«Халық қаhарманы», «Қазақстанның Еңбек Ері» атақтары берілген, ІІІ дәрежелі Даңқ орденімен және «Отан» орденімен наградталған адамдар;
-«Батыр Ана» атағына ие болған, «Алтын алқа» алқасымен наградталған көп балалы аналар;
-жеке тұратын зейнеткерлер.
Мысалы, нысандардың жалпы құны 10 млн теңгені құрайды. Бұл сомадан 1000 АЕК, яғни 3,6 млн теңге шегеріледі (2024 жылы 1 АЕК 3692 теңгені құрады). Тиісінше, салық қалған сомаға 6 млн 308 мың теңге есептеледі.
2. Барлық объектілердің жалпы құнынан 1500 АЕК шегінде: -ҰОС қатысушылары мен мүгедектері және кепілдіктер бойынша оларға теңестірілген адамдар;
-Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО- ының ордендерімен және медальдарымен наградталған жандар;
-1941 жылғы 22 маусым -1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде тылда алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО-ның ордендерімен және медальдармен наградталмаған;
-мүгедектер;
-тұрғын үйді және басқа объектілерді қоспағанда, кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын салық салу объектілері бойынша дара кәсіпкерлер. Бұл жағдайда 10 млн теңгеден 5 млн 538 мың теңге шегеріледі.Салық 4,4 млн теңгеге есептеледі. Жеңілдіктерді есептеу үшін азаматтар тіркеу орнындағы аудандық кірістер басқармасына растайтын құжаттармен хабарласуы қажет. Осы жерде айта кетер жайт, жеңілдіктер мүлік салығын төлеуден толық босатылмайтынын, тек соманы төмендететінін білу маңызды. Бұл ретте жеңілдіктер пайдалануға немесе жалға берілген объектілерге қолданылмайды.
2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап Салық кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес жер мен үй салығы біріктірілді. Онда көп пәтерлі үйлердегі пәтер иелері үшін жер салығы алынып тасталды. Мүлікке бірыңғай салықты есептеу кезінде «Мемлекеттік жер кадастры» және «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» мемлекеттік ақпараттық жүйелерінің деректері пайдаланылады. Нысандардың құнына байланысты салық ставкаларын мына жерден білуге болады. Есептеуді салық органдары есепті жылдан кейінгі жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей жүргізеді. Сіз салық мөлшерін төмендегі қосымшалардан біле аласыз:
-«e-salyq Azamat» мобильді қосымшасының «алдағы төлемдер» сервисі.
Ол үшін ұялы телефон нөмері мобильді азаматтар базасында тіркелуі тиіс;
-банктердің мобильді қосымшаларында (Kaspi.kz. Homebank).
Төлеуге:
-www.kgd.gov немесе egov.kz сайттарда;
-Екінші деңгейдегі банк бөлімшелерінде, қолма-қол ақшамен, пошта торабы арқылы, төлем терминалдарында, мобильді қосымшалар арқылы. Жоғарыда айтылған мәліметтерге байланысты сұрақтар туындаса, Жылыой ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының 5-13-39 телефон нөмеріне хабарласуға болады.
М.ҚҰДАЙБЕРГЕНОВА,
аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының
өндірістік емес төлемдер бөлімінің бас маманы