МҮЛІК САЛЫҒЫН ТӨЛЕМЕСЕҢІЗ...

Негізінен, мүлік салығы 1 қазаннан кешіктірілмей төленуі тиіс. Яғни, 2023 жыл үшін міндеттеме 2024 жылдың 1 қазанында орындалуы керек. Егер уақытылы төлем аударылмаса, онда сол айдың 2-інен бастап әрбір кешіктірілген күн үшін өсімпұл есептеледі. Заңға сәйкес жеке сот орындаушылар банктік шоттар және мүлікке тыйым салуға құқылы. Сондай-ақ, 40 айлық есептік көрсеткіштен асатын берешек сомасы қалыптасқан кезде Қазақстан Республикасынан шығуға тыйым салынуы мүмкін. Бұдан басқа, жеке сот орындаушылар берешектен бөлек сол соманың 25 пайызына дейінгі мөлшерде қосымша ақы өндіріп алады. Салықтар бойынша берешектің болуы немесе болмауы туралы мәліметтерді "e - Salyq Azamat" мобильді қосымшасының Электронды сервистер-Салықтық және әлеуметтік төлемдер бойынша берешек сервисінен ЖСН енгізудің көмегімен тексеруге болады. Салықты төмендегі сервистер арқылы төлеуге болады: - "E-Salyq Azamat "мобильді қосымшасының" Салық әмияны " сервисі арқылы; - Екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары арқылы (post.kz, kaspi.kz, homebank.kz және басқалар). Көлік бойынша қате деректерді "e-Salyq Azamat" мобильді қосымшасымен көліктің есептен шығарылғаны және басқа да деректерді сұрау салу арқылы түзетуге болады. Жоғарыда айтылған мәліметтерге байланысты сұрақтар туындаса, аудандық Мемлекеттік кірістер басқармасына 5-12-33, 5-12-05 телефон нөміріне хабарласып жауап алуға болады.

М.ТАЛАП,

аудандық Мемлекеттік кірістер

басқармасының бас маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521