ҮМІТКЕРЛЕР МАЙКӨМГЕНДІКТЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

Үміткерлер кездесу барысында ауыл ақсақалы Сағи Сауытовтың шаңырағына бас сұқты.

Бүгін Майкөмген ауылдық округінің тұрғындары нұротандық кандидаттармен кездесті. Аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер сайлауға дейінгі үгіт-насихат жұмыстары кезінде ауыл халқына «Nur Otan» партиясының 2021-2025 жылдарға арналған бағдарламасының бағыттарын таныстырды.

Бүгінде елді мекен ішіндегі біраз мәселелер оң шешілген. Ауыл үйлері газ, жарық, ауызсумен толықтай қамтылған. Болашақта көшеаралық асфальт жолдар салынып, оның бойымен көше жарығы қоса жүргізілмекші. Сондай-ақ заманға сай мәдениет үйі мен жаңа мектептің құрылысы басталады деп көзделіп отыр. Қаладан қашықта орналасқан ауылдың тұрғындары өздерін шет қалдырмай, барлық жағдайды жасап берген бас партияның өкілдеріне зор алғысын білдірді.

Климаты қуаң, жазы ыстық, қысы суық ауылдың халқын бір ғана жайт алаңдатады. Ол - жаз болса үй маңына үйіліп қалатын көшпелі құм мәселесі. Енді жергілікті тұрғындар үміткерлерден осы проблеманы шешу жолдарын қарастыруды өтінді. Ал кандидаттар бұдан бұрынғы кездесулерде дәл осы мәселенің жиі көтеріліп жүргенін айтады. Тұрғындардың тілегін ескерген аудан әкімдері мәселені шешу жолында жоба жасақтап, шығыстан соғатын желдің бағытына орайластырып, ауқымды жерге сексеуіл бағын еккен еді. Мұндағы басты мақсат – тұрғын үйлерді құм басып қалуының алдын алу болатын. Десе де, белгілі бір жағдайларға байланысты жоба жұмыстары аяқсыз қалды. Бүгінгі кездесуде қайта қозғалған мәселені шешу үшін кандидаттар баққа арнайы келіп, мән-жайды анықтауға тырысты. Сонымен қатар, бесжылдық сайлауалды бағдарламадағы іске асуы тиіс жұмыстардың қатарына енгізуге атқарушы органдарға ұсыныс беретіндерін де мәлімдеді.

Үміткерлер кездесу барысында ауыл ақсақалы Сағи Сауытовтың шаңырағына бас сұқты. «Есіктен-есікке» акциясы бойынша насихат жұмыстарын жүргізуге келген үміткерлерге қария сәттілік тілеп, бата берді. Қиындықты бірге жеңіп, жеңіске бірге жету жолында жерлестерін «Nur Otan» партиясын қолдауға шақырды.

Шаттық Хамитова

«Nur Otan» партиясының Атырау облысы Жылыой ауданы

сайлау қоры қаражатының есебінен төленді

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521