Министрліктің ендігі үлкен жауапты саласы – дін саласы

«Жусан» операциясы аясында елге келген 144 әйел радикалды көзқарасынан бас тартты

«Жусан» операциясы аясында террористік белсенділік аймағынан қайтып келген 144 әйел радикалды көзқарасынан бас тартты. Операцияның нәтижесі жайлы халыққа есеп беру кездесуінде Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева мәлім етті.

«Министрліктің ендігі үлкен жауапты саласы – дін саласы. Бұл бағытта біздің алдымызда 3 өзара байланысты міндет тұр. Біріншісі – халық арасына зайырлы мемлекет құндылықтарын насихаттау, екіншісі – дінаралық келісімді сақтау, үшіншісі – діни экстремизмді болдырмау», – деді Аида Балаева ОКҚ алаңы арқылы халыққа есеп беру кездесуінде.

Министрдің айтуынша, осы міндеттерді іске асыру үшін бірнеше бағытта жұмыс жүргізіліп жатыр.

«Бұл – ақпараттық-түсіндіру жұмыстары, деструктивті діни көзқарастағы азаматтарды райынан қайтару және интернет арқылы діни экстремизм идеологиясына қарсы жұмыстар. Өткен 2019 жылы ақпараттық-түсіндіру топтарының күшімен 3 милиондай адамды қамтыған 50 мыңнан астам іс-шара өтті. Дін саласындағы проблемалық сұрақтарға жедел жауап беру үшін 300 адамнан тұратын білікті лекторлар пулы құрылды.

Көріп отырғандарыңыздай, жұмыс өте тиімді. Сондықтан осы жылы біз бұл топтардағы мамандардың санын 500-ге дейін арттырып, 1200 лекторды қайта даярлықтан өткізуді жоспарлап отырмыз», – деді ол.

Аида Балаева сонымен бірге «Жусан» операциясының нәтижесінде елге оралған 163 әйелмен мақсатты түрде жұмыс жүргізілгенін, соның арқасында олардың 144-і радикалды ойларынан қайтып, біразы зайырлы өмір салтына өткенін жеткізді.

«Әрине, мәселенің салдарымен емес себебімен күресу керек. Сондықтан 2019 жылы 5300-ден аса интернет-ресурс сарапталып, оның 3200-нен заңға қайшы материалдар анықталды. Олардың барлығы дер кезінде бұғатталды. Түптеп келгенде бұл саладағы біз үшін ең маңыздысы – халықтың радикалды ағымдарға қарсы иммунитетін қалыптастырып, елдегі дінаралық қақтығыстардың алдын алу», – деді ол.

amin.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521