Мүгедек жандарға «қолжетімді орта»

Құрметті кәсіпкерлер мен әлеуметтік сала басшылары!

Баршаға бірдей мүмкіндік жасау – өркениетті қоғамның басты міндетінің бірі. Сондықтан мүгедектігі бар азаматтар үшін кедергісіз орта қалыптастыру – әрқайсымыздың әлеуметтік жауапкершілігіміз.

Бүгінгі таңда көптеген мүмкіндігі шектеулі жандар білім алуда, жұмыс істеуде, медициналық және әлеуметтік қызметтерді пайдалану барысында, қоғамдық орындарда жүргенде қиындықтар көреді. Бұл олардың қоғамнан шеттетілуіне, белсенді өмір сүруіне кедергі келтіреді. Сондықтан сіздерден мүгедектігі бар азаматтардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған келесі қадамдарды жасауды сұраймыз:

* Инфрақұрылымды бейімдеу Ғимараттар мен нысандарға пандустар, лифтілер, тактильді жолақтар орнату. Арнайы тұрақ орындарын белгілеу. Дәретханалар мен қызмет көрсету орындарын бейімдеу.

* Қызметтерді инклюзивті ету Құжаттарды, нұсқаулықтарды Брайль қарпімен немесе аудиоформатта ұсыну. Қызметкерлерді инклюзивті мәдениетке оқыту. Сайттар мен мобильді қосымшаларды қолжетімді ету.

* Жұмыспен қамту мүмкіндігін арттыру Мүгедектігі бар азаматтарды жұмысқа қабылдау. Оларға лайықты жұмыс жағдайын жасау. Оқытуды ұйымдастыру және дағдыларын дамытуға мүмкіндік беру.

Бұл қадамдар – тек заң талаптарын орындау ғана емес, сонымен қатар адами қарым-қатынас пен тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етудің белгісі. Баршаңызды мүгедектігі бар азаматтар үшін кедергісіз орта құруға белсенді қатысуға шақырамыз! Ескеретін жайт: егер де мүгедектігі бар жандарға «қолжетімді орта» қалыптастыру жұмысы атқарылмаса, онда заңға сәйкес айыппұлдар қарастырылады.

Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT