Мешіттің баскетбол байрағы

Мешіттің баскетбол байрағы
Фото: ашық дерек көзінен алынды

Аудандық Орталық мешіттің ұйымдастыруымен салауатты өмір салтын насихаттау бағытында баскетболдан жарыс өтті. Аудан көлемінде өткізілген бұл сайысқа 10 команда қатысты.

Жүгіру, садақ ату, жүзу және сол секілді басқа да спорт түрлері асыл дінімізде айрықша айтылып, күнделікті өмірде шұғылдануға шақырған.

Спорттың адамды жалқаулықтан ада етіп, үнемі сергек жүруіне ықпал етенін айтқан аудандық мешіттің наиб имамы Думан Балықшиев жарыстың шымылдығын ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Сайыстың басты мақсаты – тұрғындарды достыққа, бірлікке үндеу екенін баса айтты.

Жарыста баскетболдың барлық ережелері қатаң сақталды. Бір-бірімен тартысқа түскен командалар да өзінше ерекшеленген. Ойынның бәсі артқан сайын да матч сапасы артып, жиылған көрерменді де қызықтыра түсті. Бас жүлдеге көз тіккен командалар бар күшін салып, алаңда тер төкті. Дүбірлі доданың нәтижесі бойынша 1 орынды «Ақжол» командасы, 2 орынды «Қосшағыл» мешіті командасы, 3 орынды «1987 жылғы жамағат» командасы қанжығасына байлады. Жеңімпаздар медаль, кубок, дипломмен марапатталды.

Ерназ АЛТАЙҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521