Мешітте жайылған ауызашар дастарханы

Он екі айдың сұлтаны - Рамазан айы кезінде жер-жерде ауызашар рәсімі өткізіледі. Күні бойы ауыз бекіткен адамның аузын аштыру арқылы қасиетті айдың мәртебесі көтеріледі. Барша мұсылман баласы ораза кезінде бір-біріне деген құрметін, шынайы ықыласын осылайша көрсетіп бағады.

Осындай ауызашар беру дәстүрі өткен қасиетті Жұма күні аудандағы Жылыой мұсылмандары орталық мешітінде де ұйымдастырылды. Мешіт асханасында мүмкіндігі шектеулі 60-қа жуық адамға дастархан жайылып, ерекше ауызашар берілді.

Ауызашар дастарханы басында орталық мешіттің бас имамы Жасұлан Қағазғалиев қонақтарға уағыз-насихат айтып, Рамазан айының қадір-қасиетін түсіндірді. Сауабы мен шапағаты мол айда сауапты істерді жиі атқарып, рухани кемелденуге шақырды.

-Рамазан – мейірім айы. Рамазан – шапағат айы. Бұл айда – жақсылық амалдар көбірек атқарылу керек. Біз осы мүмкіндігі шектеулі азаматтарға мейірім танытып, көңіл бөлу арқылы ұлтымыздың қонақжайлылығы мен дархан көңілділігін дәріптейміз, - деді дастархан басында бас имам Жасұлан Қағазғалиев.


Ш.МҰХТАРҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

Әлеуметтік желілеріміз