«Мерзімдік міндетті медициналық қарап-тексерулер жүргізілетін кәсіптер мен жұмыстардың тізбесін және алдын ала міндетті медициналық қарап-тексерулерден өткізу»

«Мерзімдік міндетті медициналық қарап-тексерулер жүргізілетін кәсіптер мен жұмыстардың тізбесін және  алдын ала міндетті медициналық қарап-тексерулерден өткізу»
Фото: ашық дерек көзінен алынды

ҚР Конституциясының 24 бабына сәйкес әрбір жұмысшы қауіпсіздік және гигиена талаптарына жауап беретін еңбек жағдайына құқылы.

-Өндірістегі зиянды және қауіпті факторлар әсеріне денсаулықтарын душар ететін жұмысшылардың денсаулығын қорғау мен нығайту емдеу-профилактикалық мекемелерінің және денсаулық жұмысын ұйымдастырушылардың маңызды мәселелерінің бірі болуы тиісті.

-Әртүрлі өндірістік обьектілерде қызмет барысында жұмысшылар денсаулықтарына кері әсері бар жағымсыз өндірістік факторлармен байланыста болады. Өндірістік обьектілердегі жағымсыз еңбек факторларының денсаулыққа әсері тек қана әртүрлі дәрежедегі кәсіби аурушылдыққа душар етумен қатар, кең тараған әлеуметтік маңызы бар аурушылдыққа, уақытша және тұрақты еңбеккке қабылеттілігін жояды, яғни мүгедектікке, өмір жасының қысқаруына әкеледі. Міндетті медициналық қарап-тексерулерді жүргізу тәртібі және мерзімділігі

3. Міндетті медициналық қарап-тексерулер алдын ала, мерзімдік және ауысым алдындағы (рейс алдындағы), ауысымнан кейінгі (рейстен кейінгі) болып бөлінеді.

4. Міндетті алдын ала, мерзімдік, ауысым алдындағы (рейс алдындағы), ауысымнан кейінгі (рейстен кейінгі) медициналық қарап-тексерулерді "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес белгіленген үлгідегі мемлекеттік лицензиясы бар медициналық ұйымдар жүргізеді.

  Міндетті мерзімдік медициналық қарап-тексерулер жұмыс істейтіндердің денсаулық жағдайын динамикалық бақылауды қамтамасыз ету, аурулардың бастапқы белгілерін уақтылы анықтау, жалпы, кәсіптік аурулардың алдын алу және инфекциялық және паразиттік ауруларды таратпау мақсатында жүргізіледі. 

Мерзімдік қарап-тексерулер әрбір 6 ай, 12 ай сайын мерзімділікпен Кодекстің 86-бабының 6-тармағына сәйкес белгіленген нысаналы топтарға байланысты жүргізіледі. 

Зиянды өндірістік факторлармен жұмыс істейтіндерге мерзімдік қарап-тексеру жүргізу кезінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық (оның ішінде көліктегі) бөлімшелері: 

1) медициналық қарап-тексерудің толық қамтылуын, сапасын және уақтылы өткізілуін бақылауды жүзеге асырады; 

2) жұмыскерлерді медициналық қарап-тексеру нәтижелерін қорытуға қатысады; 

3) жұмыскерге жұмыс берген жеке және заңды тұлғалардың сұрау салуы бойынша еңбек жағдайларының санитариялық-эпидемиологиялық сипаттамасын ұсынады. 

Жұмыс беруші ұйымға (кәсіпорынға) қызмет көрсететін медициналық ұйыммен немесе жұмыскердің тіркелген жері бойынша аумақтық медициналық ұйыммен бірлесіп: 

1) Кодекстің 86-бабының 4-тармағына сәйкес бекітілетін, Зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың, жұмысқа орналасқан кезде орындау кезінде міндетті алдын ала медициналық қарап-тексерулер және мерзімдік міндетті медициналық қарап-тексерулер жүргізілетін кәсіптер мен жұмыстардың тізбесін басшылыққа ала отырып, кейіннен халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық (оның ішінде көліктегі) бөлімшелерімен келісе отырып, осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша міндетті медициналық қарап-тексеруге жататын адамдардың тізімін 1 желтоқсаннан кешіктірмей жасайды; 

2) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық (оның ішінде көліктегі) бөлімшесімен келісілген жұмыскерлерді сауықтыру және еңбек жағдайларын жақсарту жөніндегі жыл сайынғы іс-шаралар жоспарын әзірлейді;

 3) медициналық қарап-тексеруден өтпеген немесе денсаулық жағдайлары бойынша еңбекке жарамсыз деп танылған адамдарды немесе еңбекке қарсы көрсетілімдері бар адамдарды жұмысқа жібермейді; 

4) жұмыскерде кәсіптік ауру анықталған жағдайда, қорытынды актінің негізінде жұмыскердің еңбек (қызметтік) міндеттерін орындауымен аурудың байланысына сараптама жүргізу үшін кәсіптік патология бойынша мамандандырылған көмек көрсететін медициналық ұйымға уақтылы жіберуді қамтамасыз етеді; 

5) жұмыскерлерге жүргізілген медициналық қарап-тексеру нәтижелері бойынша қорытынды актінің ұсынымдарын орындайды.

Медициналық ұйым міндеттері көрсетілген:

1) мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарымен келісілген міндетті медициналық тексеруге жататын контингенттердің тізімдерін алған кезде міндетті медициналық тексеріп-қарау өткізу үшін комиссия құрады және күнтізбелік жоспар құрады, онда дәрігерлік комиссия құрамын, әсер ететін зиянды өндірістік факторлардың ерекшеліктерін есепке ала отырып зертханалық және басқа да зерттеулердің түрі мен көлемі, дәрігерлік комиссия жұмысының уақыты мен мерзімі анықталады. Міндетті мерзімдік медициналық тексеріп-қараулар өткізетін медицина қызметкері болмағанда және жеткіліксіз болғанда қажетті зерттеулер қызметтің аталған түріне лицензиясы бар басқа медициналық ұйымдарда жүргізіледі. Жоспар ұйымның әкімшілігімен (жұмыс берушімен) келісіледі;

2) Медициналық қарап-тексеру жүргізу аяқталғаннан кейін күнтізбелік 30 күн ішінде дәрігерлік комиссияның төрағасы нәтижелерді қорытындылайды, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша 4 данада қорытынды акті жасайды, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық (оның ішінде көліктегі) бөлімшелеріне ұсынады.

3) Қорытынды актіге басқа жұмысқа ауыстыру ұсынылған, стационарлық және санаторийлік-курорттық емдеу, емдеу-профилактикалық тамақтану, динамикалық бақылау көрсетілген адамдардың атаулы тізімі қоса беріледі.

4) Қорытынды акті медициналық ұйымның басшысы қол қойғаннан кейін орындау үшін ұйымның (кәсіпорынның) әкімшілігіне, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық (оның ішінде көліктегі) бөлімшелеріне жіберіледі, бір данасы медициналық қарап-тексеру жүргізген медициналық ұйымда қалады.

5) міндетті мерзімдік медициналық тексеріп-қараудан өткен және зиянды өндірістік факторлармен жұмыс істеуге жарамды деп танылған адамдарға денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша медициналық анықтама беріледі;

6) Кәсіптік жарамдылық туралы сараптамалық қорытынды медициналық тексеріп-қарау түріне қарамастан, тұратын жерінің медициналық құжаттамасын есепке ала отырып ресімделеді;

7) зиянды және (немесе) қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істеуге қарсы айғақ болған адамдарға қорытынды қолға берілмейді, үш күндік мерзімде жұмыс берушіге жіберіледі, бұл ретте зиянды өндірістік факторлармен жұмыс істеуге қарсы айғақ болған адам бұл туралы хабардар етіледі.

Жұмыс берушілер Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарда істейтін жұмысерлерді ауысым алдындағы (рейс алдындағы), ауысымнан кейінгі (рейстан кейінгі) міндетті медициналық қарап-тексеруден уақтылы өткізуді өз қаражаты есебінен қамтамасыз етеді.

Ауысым алдындағы және ауысымнан кейінгі медициналық қарап-тексеруді жүргізу нәтижелері осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыскерлерді ауысым алдындағы және ауысымнан кейінгі медициналық қарап-тексеруді жүргізу журналында (бұдан әрі – Журнал) тіркеледі.

Журнал қағаз тасығышта жүргізіледі, оның беттері тігілуі, нөмірленуі, ұйымның мөрімен бекітілуі немесе дербес деректер туралы заңнаманың талаптары ескеріле отырып және міндетті түрде бетті басып шығарудың мүмкіндігі ескеріле отырып, электрондық тасығышта жүргізіледі. Журнал электрондық түрде жүргізілген жағдайда оларға енгізілген мәліметтер электрондық қолтаңбамен куәландырылады. Көлік құралдары жұмыскерлерін ауысым алдындағы (рейс алдындағы) және ауысымнан кейінгі (рейстен кейінгі) медициналық қарап-тексерудің нәтижелері жол парағында күні, уақыты көрсетіле отырып, мөртабанмен және медицина қызметкерінің қолымен және жұмыскердің өзінің қолымен не QR коды бар стикермен белгіленеді.

Толтырылған Журнал және электрондық тасығыштағы деректер жұмыс берушінің мұрағатында 5 жыл бойы сақталу қажет.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521