Мерекемен құттықтады

Құрметті ардагерлер!

Сіздерді 9 мамыр Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын! 9 мамыр - жанқияр ерліктің, еңселі елдіктің рухы өрлеп, Жеңіс жалауы желбіреген күн.

Бүгінгі тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы да, еліміздің өркендеуі мен гүлденуі де- осынау мерекенің жемісі. Зұлмат жылдары Отанымызды қорғауда жауынгерлік ерлік танытқан боздақтар мен ардагерлердің қаһармандығы бүгінгі ұрпаққа отансүйгіштік дәстүрін жалғастыруға ерлік шежіресіндей үлгі болып жадында сақталатыны сөзсіз.

Айтулы мереке күні қарсаңында Отан соғысы ардагерлеріне,  тыл еңбеккерлеріне зор денсаулық, шаңырағына амандық тілеймін.

Бүгін, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары А.Наурызбаев тыл еңбеккері Узбекова Мяз апайдың үйіне барып құттықтап, гүл шоғымен сыйлықтар табыс етті.

Ізгі тілекпен, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Наурызбаев Абылайхан Дағыстанұлы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

Әлеуметтік желілеріміз